Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет83/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   182
ҚҰРТБАЙ 

 
таулар,
Жаңаар. ауд. Шашты тауларының солт.-
шығысында, Қосылықты тауының оңт.-батысында. 
Құрт 
және 
бай 
деген екі 
сөзден қосылған атау. Бұл жерлерді көбінесе Шашты тауларымен бірлестіріп, 
«Құртбай-Шашты» деп атайды.
ҚҰСАЙЫН
– 
тау, 
биік. 628 м, Жаңаар. ауд. Кісі есіміне байланысты
койылған атау.
ҚЫЗЫЛСИЫР
– 
тау, 
биік. 574,6 м, Сарысу өзенінің солт.-де, Жаңаар. 
ауд. 
Қызыл 
(сын есім)
, сиыр 
(зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған тау 
аты. Атаудың екінші сыңары түркі тілдерінде түрлі фонетикалық тұрғыда 
айтылады. Алт. Суури – «істік, үшкір, конус тәріздес; тув. суур – «шоқы, тебе, 
үшкір, ко-нус тәріздес; орыс тіліндегі сугор «шоқы» сөздерінің мағынасы 
да, тұлғасы да ұқсас. Бұған карағанда топоним кұрамындағы сиыр (сүйір) 
осы көрсетілген сөздермен мағыналас деп қараймыз. Атаудың мағынасы: 
«Қызылұш, қызыл шоқы, қызыл төбе» болар деп жобалаймыз.
ҚЫПШАҚБАЙ
– 
тау, 
биік. 423,0 м, Жаңаар. ауд. Кісі есіміне байланысты


169
койылған атау.
ТЕРЕКТІ 
– 
тау,
Жаңаар. ауд. Шашты тауының оңт.-шығысында, 
Мырзашоқы тауының солт.-батысында, 
сай-сала
, Омарбек тауының солт.-
шығысында, Қараоба шоқысының оңт.-шығысында. «Терек көп өскен тау
жер» деген мағынаны білдіреді.
ТОҚТЫ
– 
жатаған тау, адыр-төбелер.
Жаңаар. ауд., Ақтүбек с/о. Аңыз 
бойынша, бұл жерді мекендеген Сапақ байдың бар жылқысы жұттан қырылып, 
таудың тасына біткен қынаны теріп жеген бес мың тоқтысы ғана аман қалған.
МҰҢЛЫ
– 
тау, 
Жаңаар. ауд. Е. Қойшыбаев пен Ғ. Қонқашпаев бұл 
сөзді «қайғылы, каралы» тау деп сөзбе-сөз аударған. (Қонқашпаев, 1963;
Койшыбаев, 1974, 173.) Бұл тау атауы халық аңызы бойынша адам 
есіміне байланысты қойылған деп түсіндіріледі (Қулы топонимінің талдауын 
қараңыз).
МЫҢАДЫР
– 
таулар, 
Жаңаар. ауд., Жаманадыр тауының оңтүстігінде, 
Шөлқоңыр тауының солт.-батысында, 
төбе,
Қамбас төбенің солт.-шығысында, 
Сүмбе шоқының солт.-батысында,
станса,
Қаз. т.ж. Қарағанды бөлімшесі. 
Мың 
сөзі негізінде «көп, сансыз, хисапсыз» деген мағынаны білдіреді. Кейде 
мың 
сан формасында сөз тіркесінде келіп, «шексіз көп, мол» мағынасында 
да қолданылады. Ал топонимнін мағынасы: «аласа, толып жатқан аласа
төбелер, дөңестері көп жер».
МЫҢБАЙ 
– тау.
Жаңаар. ауд. Ақтау с/о жерінде. Антропонимдік атау. 
Мың - есепті сан, бұрынғы кезде қазақтар мың басы лауазымын да қолданған 
[ҚТТС.ІІ-том, б.156]. Баурайын «Мыңбай сайы» деп атайды, бұл жерде 
қола дәуірінің көне ескерткіштері көп, мыс қорытып, қола өндірген ескі 
қоныстардың орыны бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет