Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет81/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   182
ҚАРСЫАДЫР 
– 
таулар,
Жаңаар. ауд. Жайылма аңғарының солтүстігінде, 
Ақбастау шоқысының шығысында
сай-сала,
Шашты тауының солт.-
батысында, Ақбастау шоқысының оңт.-шығысында.
 Қарсы 
(сын есім),
 адыр 
(зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Мағынасы – «қарсы орналасқан 
адыр-төбе, таулар».
ҚАТАРШОҚЫ 
– тау, Жаңаар. ауд. Ақтау с/о. Қаратөбе тауының солт.-
шығысында, Қызылтас тауының оңт.-батысында орналасқан.
Қатар 
(сын
 
есім)
+шоқы 
(зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Мағынасы:
«қатарласа орналасқан шоқылар».
ҚОЖАТАУ 
– 
тау,
Жаңаар.. ауд. Ақтау с/о. Тасқоралы тауының оңт.-
шығысында, Балажелкекті тауының солт.- батысында, 
 сай-сала, 
Балажелкекті 
тауының солт.-батысында, Керегежайған тауының солт.-батысында. Мағынасы 
– «қожалар мекендеген тау».
ҚОҢЫРҚҰЛЖА 
– 
тау, 
Жаңаар. ауд. Ақтау с/о жерінде. Атауы 
қоңыр 
(сын есім) және 
құлжа
(зат есім) сөздерінен құралған. Ертеде бұл тауда 
арқарлар көп болған.
ҚОҢЫРТӨБЕ 
– 
таулар, 
биік. 586 м, 335,9 м, Жаңаар. ауд., Талдыманақа 
өз.-нін шығ.-да. Мағынасы: «айналасында өлең шөбі көп, саясы салқын 
таулар».
ҚОСАҒАЛЫ 
– 
тау,
Жаңаар. ауд. Ақтау с/о. Қаратөбе тауының 
солт.-шығысында, Қызылтас тауының оңт.-батысында, 
көне замандағы 
молалар тобы,
Атасу өзенінің оң жақ сағасында, Қаражал кенішінен оңт.-
шығысқа қарай 60 км жерде орналасқан. 1950ж. зерттелген Андрон 
ескерткіштерінің кешені.
ҚОСТӨБЕ
– 
тау, 
биік. 544,8 м, Жаңаар. ауд., Стандарт кыстағының оңт.-
батыс жағында; «Мағынасы: «катарлас жаткан екі тау».


168


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет