ҚОСЫЛЫҚТЫ –
тау, Жаңаар. ауд. Жаманадыр тауының оңтүстігінде,
Шөлқоңыр тауының солт.- батысында. Атауы
қосылу сөзінен пайда болуы
мүмкін.
ҚОТЫРЖАЛ –
тау, Жаңаар. ауд. Ақтау с/о. Ақтау тауларының оңт.-
батысында, Қызылтау тауларының оңт.-шығысында. Атауы екі сөзден:
қотыр (сын есім) және
жал (зат есім) сөздерінен
қалыптасқан. Мағынасы – «өн бойы
бұжыр-бұжыр болып, қотырға ұқсап жатқан тау».
ҚУ –
тау, биік. 780,8 м, Шалғия пос.-нің солт. жағ.-да, Жаңаар. ауд. Е.
Қойшыбаевтың (1985) пікірі бойынша «қу» түр. этноним. Э. Мурзаев (1984)
қу сөзі мари, манси тілдерінде «тас», «тасты» ұғымын білдіретінін айтады.
ҚУЖАЛ –
аласа таулар, Жаңаар. ауд. Бұл жерлерде көне заманның
молалар тобы көп. Олар Қарағаш ауылынан 8,4 км қашықтықта оңт.-шығысқа
қарай орналасқан.
ҚУЛЫ –
тау, биік. 537,5 м, Қарашоқы тау.-ң шығ. жағ.-да. Жаңаар. ауд.
Қулы – кісі есіміне байланысты атау. Е. Қойшыбаевтын. (1985) пікірі бойынша
«қу» түр. этноним. Э. Мурзаев (1984) «қу» сөзі мари, манси тілдерінде «тас»,
«тасты» ұғымын білдіретінін айтады. Шалғияның солтүстігіндегі екі
шоқыны Мұңлы, Қулы дейді. Ел аузында Мұңлы деген қыздың, Қулы деген
жігіттің бір-біріне ғашық болып, қосыла алмағаны жөнінде қайғылы аңыз-
әнгіме бар.
ҚҰЛААЙҒЫР –
тау, Жаңаар. ауд. Е. Қойшыбаевтың пікірі бойынша
(1985), атау екі сөзден:
құлай және
қыр сөздерінен
қалыптасқан атау. Оның
бірінші сыңары
құла (сын есім), екінші сыңары
айғыр (зат есім) сөздері.
«Құлайғыр он бес мың жылқы біткен Жәңгір төренің малының басы,
жылқысының құты екен», – дейді ел аузындағы әнгіме.