Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


БҮРКІТТІ  –  тау, төбе.  Жаңаар. ауд., Ақтау, Қарағаш с/о. Бүркіт салған,  бүркіт ұялаған жерлер. ДОМАЛАҚ



Pdf көрінісі
бет76/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   182
БҮРКІТТІ 
– 
тау, төбе. 
Жаңаар. ауд., Ақтау, Қарағаш с/о. Бүркіт салған, 
бүркіт ұялаған жерлер.
ДОМАЛАҚ
– 
тау, 
биік. 823,2 м; 
қыст. 
Жаңаар. ауд., Отаутас тауының 
шығ. жағ.-да; 
жота, 
Жаңаар. ауд., Сарысу өзенінің солт.-де. Таудың сыртқы 
бейнесіне сай қойылған атау.
ДӨҢТӨБЕ
– 
тау, 
биік. 611,2 м, Жаңаар. ауд. Төбенің сырт пішініне 
байланысты қойылған атау.
ДУАН БАСЫ 

 
тарихи орын.
 
Қазақтар дуан басы деп ХІХ ғ. 30-шы 
жылдары осы жерге салынған Ақтау бекінісін атайтын болған. Дуан деген 
сөз парсының «1. Мемлекеттік кеңес, уәзірлер жиналысы, мәжіліс. 2. Сот, 
трибунал» [Оңдасынов Н., б.146].деген мағына беретін сөзден алынып, Ресей 
империясының әкімшілік орталықтарын атаған. [толығырақ: Аршабеков Т.Т., 
Жұмабеков Ж.А., 2005]. 
ЖАҚСЫ АЙЫРТАУ
– 
тау, 
Жаңаар. ауд. 
Жақсы 
(сын есім) және 
айыр 
(сын есім) 
-\-тау 
(зат есім) сөздерінен жасалған атау. Е. Қойшыбаев (1974) 
топоним мағынасын «биік немесе берекелі Айыртау» деп топшылаған. 
Топоним құрамындағы 
айыр 
элементі негізінен «екі ашалы, қос тармақты» 
мәнінде жұмсалады деп санайды. Бұл зерттеушіге дейін топоним мағынасын 
зерделеген Ғ. Қонқашпаевтың (1963) пікірінше, атаудың сөзбе-сөз мәні 
«жақсы, жайлы айрық (айыр) тау». Біз жоғарыда айтылғандарға ден қоя 
отырып, тау шыңында да сыртқы бедері мен көрінісіне қарай және шаруа-
қонысқа жайлы, құтты мекен болғандығына орай аталған деп ойлаймыз.
ЖАМАН
– 
таулар, 
биік. 386,6 м, 376,7 м, Жаманайыртау тауының оңт. жағ.-


164
да, Жаманайбат тауының шығ.-да, Жаңаар. ауд.; Мағынасы: «төбесі жатаған, 
шағын, көзге қораш тау». Бәлкім, тау ешкілерінің болуына байланысты да 
қойылуы ықтимал. Монғол тілінде 
ямаа
«тау ешкісі» мағынасындағы сөз.
ЖАМАНАДЫР 

 тау, 
биік. 638,2 м,
өз., 
Талдыбұлақ мекенінен батыс 
жақта, Терісбұлақ өзенінің оңт.-де, Жаңаар. ауд. Жаман сөзі топонимдерге 
қатысты, әсіресе Орталық Қазақстанда жиі қолданылады [ҚГАС (ЖО)., б.99] 
және «бұл сияқты атаулар халықтың аталмыш географиялық объектілерге 
көзқарасын білдіреді» [Жүнісов Д., б.97]. Адыр сөзі «түркі тілдерінің көбіне 
ортақ географиялық термин - аласа таулар мен бел-белес қырат, дөңесті жер» 
дегенді көрсететін ұғым [ҚГАС (ЖО)., б.17]. Бұл табиғи объектінің қонысқа 
және мал бағуға жарамсыздығын меңзейді. 
ЖАМАНАИБАТ
– 
тау, 
биік. 384 м, Жаңаар. ауд. Е. Қойшыбаевтың 
пікірінше (1985) атау 
жаман-\-ай-\-бет 
компоненттерінен құралған. Бет 
сөзінің «батқа» айналуы – кейінгі ықпал әсерінен» (1985). Ғ. Қоңқашпаев 
(1963) 
Айбат 
сөзін антропоним деп санайды. Соңғы пікірдің, біздің ойымызша, 
дұрыс тәрізді. Осыған қосымша, таудың сыртқы бітім-тұрпатының суық, 
сұсты болуына байланысты да аталуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет