АЙҒЫРЖАЛ –
тау, биік. 805 м. Жаңаарқа ауд. Атау
айғыр (зат есім)
және
жал (зат есім) деген екі сөзден қосылып жасалған. Таудың сыртқы
көрінісіне қарап, таудың ұзыннан-ұзақ көлбеп жатқан биігін айғырдың
жалына ұқсатудан қойылған атау. Бұл сөздің алғашқы компоненті
айғыр сөзін
Е.Қойшыбаев былай түсіндіреді: «көне түркіше аздығыр (тіс аралық спирант
ДЗ дыбыстарының қатысымен байланысты) формасындағы атау.
Бот . Көп
жылғы өсімдік аты» (Е.Қойшыбаев., 1985. б.28).
АЙДАҺАРЛЫ –
тау. Жаңаарқа ауд. Ақтау с/о жерінде. Атауы тастарының
арасын жыландар көп мекендегенінен қойылған. Атаудың түбірі
айдаһар (әждәһә// аждаһа//аждаһар) парсы тілінен енген. Мағынасы - «ертегілердегі
ажал нышаны ретінде көрсетілетін қорқынышты алып жылан» (Оңдасынов Н.,
1974. б.25). Аңыз бойынша, бұл жерде руы Қалыбек Тырнақ батыр айдаһарды
шөгерген. Бұл атау туралы Кенесары – Наурызбайға байланысты және басқа
да аңыздар бар.
АЙДАРЛЫ –
шоқы, биік. 966,3 м, Жаңаарқа ауд.;
өз., құрғ. құд. Айдар (зат есім)+лы (туынды сын есім жұрнағы) жолымен жасалған. Атау айдарға
ұқсатудан қойылған, яғни «шошайған шоқы, биікше төбе» дегенді білдіреді.
АЙМАНТАУ –
тау, биік. 618,1 м,. Қаражал қ.-ның солт. жағ.-да. Кісі
есімінен қойылған.
АҚБАСТАУ –
тау, биік. 492,1 м, Шалғия кентінің оңт.-бат. жағ.-да,
Ералиев с/о-не қарасты село, Жанаар. ауд.,
Ақ (сын есім),
бас және
тау (зат
есім) сөздерінен жасалған атау, Топоним мағынасын екі түрлі түрғыдан
қарастыру керек сияқты: 1) ақбас «басы ақ шаңқай тау, яғни биік шың басы
аппақ, ешнәрсе өспейтін тау; 2) ақ «таза, мөлдір, тұнық» бастау. Демек.
Ақбастау «таза, мөлдір, тұнық бастау».