Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет64/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   182
ЖАМАНБҰЛАҚ 
– 
баст., 
Жаңаар. ауд. 
Жаман 
(сын есім) және 
бұлақ, 
(зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. «Суы лайсаңдау, маңайы 
батпақты келген бұлақ» мағынасын білдіретін атау.
ЖАРЫҚҚҰДЫҚ
– 
бұл., 
Жаңаар. ауд. 
Жарық 
(сын есім) және 
құдық 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Е. Қойшыбаев 
жарық 
тұлғасы этникалық топ атын білдіреді дейді де, тува, хакас тілдеріндегі 
чарық Цчарых 
тұлғаларымен салыстырады (1985, 113). Біздіңше, 
Жарық 
атауының табиғатын оның географиялық термин ретіндегі сипатына орай 
зерделеген жөн. 
Жарық 
сөзі түркі тілдерінің көпшілігінде: әзірб. 
йараг, 
түркм. 
ярыг, 
өзб. 
ерик, 
ноғ., тат. 
ярык, 
тува 
чарык 
тұлғаларында кездеседі 
де, «жер бетіндегі сызат, жарықшақ, жарық; шатқал; ағын сулармен катты 
шайы-лып, тілімденген жыралар, сай» мағыналарын береді. (Мурзаев, 
1984, 179). Сонымен, 
Жарық 
топонимі белгіленіп отырған объектілеріне 


153
қатысты «тар шатқалды, қапшағайлы тау»; «ақпа сулармен тілімденген 
жыралы, жарықшақты ойпаң жер және сол жерден қазылған құдық»
мағыналарында қолданылады.
КӨЗЕНБҰЛАҚ
– 
баст., 
Жаңаарқа ауд. 
Көзен 
(зат 
есім)+бұлақ 
(зат 
есім) сездерінің қосылуынан жасалған. Мағынасы: бұл бұлақты Көзен 
деген кісінін иемденгенін, соның есімімен койылғанын білдіреді.
ҚАСҚАБҰЛАҚ 
– 
бұлақ,
Жаңаар. ауд. Омарбек тауының солт.-
шығысында, Жақсы Иманақ тауының солт.-батысында.
Қасқа 
(сын есім), 
бұлақ 
(зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Антропоним. Бұл жерді 
Тоқа руының Қасқа есімді адамы жайлаған.
ҚОСБҰЛАҚ
– 
бұлақ, 
Талдыманақа өзенінің батысында, Жаңаар. ауд., 
бұлақ,
Қызылтас тауының батысында, Ақтау ауылының солт.-шығысында, 
бұлақ,
Ақтау тауларының солт.-батысында, Шөлқоңыр тауының оңт.-
шығысында. «Қатарласа ағып жатқан екі бұлақ» мағынасындағы атау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет