Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет62/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   182
Қарқаралы ауданы
Аппаз 
– өзен аты. Өзеннің бұлай аталу себебінде, осы жерде Аппаз атты 
күмбез орналасқан. Күмбездің қалану жөнінде ел арасында мынандай аңыз 
сақталған. Ерте көктем кезінде, жайлауға көш кезінде байдың ба, Әлде төренің 
бе жігіті қайтыс болып, сол жерге жерленеді. Биіктігі 10 м шамасында, аумағы 
8 м, кіре беріс бөлігінің өзі 8 метрден астам. Осыдан 40-50 жыл шамасы бұрын 
есік аузының өзі кісі бойымен болған, бұл күндері ол бөлігі де шөгіп қалған.
Бала Түндік
– өзен. Екі сөзден құралған: 1) Бала – адамның жас мөлшері; 
2) Түндік (түңлік) – киіз үйдің шаңырағының үстіне жабылатын, төрт 
бұрышында байланған жібі бар киізден болмаса басқа нәрседен жасалған зат.
Жарлы
– өзен. Екі түрлі мағынада айтылады: 1) Кедей, күн көріс үшін 
жалданып жүрген адам, «жарлы-жақыбай»; 2) Өзеннің асып-тасып, арнасын 
бұзып, жар қылдырып кетуінен де айтылуы мүмкін.
Жіңішкебұлақ
– өзен. Екі сөзден құралған: 1) Жіңішке – заттың 
ерекшелігін, яғни тым қусырылып тұрғанын көрсетеді; 2) Бұлақ – жер астынан 
шығып жататын су көзі.
Қазанғап
– өзен. Адам баласының көне дәуірдегі іс-әрекетінің осы 
замандағы іздерін айшықтайтын атау, кейіннен антропонимге айналған. 
Қадыр
– өзен. Араб сөзі: 1) күшті, құдыретті; 2) талапты; 3) құрмет, 
абырой, қымбатты, бедел.
Қарасу 
– өзен. Қарасу - үлкен өзен емес, жер астынан, сай-жыралардан 
шығып жатқан қайнар суы. Бұл атаудағы қара сөзін байырғы түркі тілдес 
халықтар «жер» мәнінде қолданған. Сондағы мағынасы, біздің ұғып 
келгенімізден өзгешерек «жер суы» (грунт) деген ұғымда.
Көктал
– өзен. Екі сөзден құралған: 1) Көк – аспан түсті түс; көк –
жайқалып өскен шөпті қазақтар 
көк
дейді; 2) Тал – дымқыл жерде өсетін
майысқақ бұтақты, жіңішке жапырақты ағаштың бір түрі.
Тайшек
– өзен. Тибеттің 
тайшы (тайши) 
сөзінен туындаған атау болса 
керек. Көне түріктерде аға ұстаз, мұғалім; белгілі адам, атақты дегенді 
мағынада қолданылған.
Талды
– өзен. Тал – дымқыл жерде өсетін, майысқақ бұтақты, жіңішке 
жапырақты ағаштың бір түрі. Талды өзені бастауын Кент тауынан алады. 
Талды деп аталуы себебі өзен бойына ел жұрт қоныстанбай тұрған кезде
өзен бойын қаулай тал өскен. Кейін елді мекен жиіленіп, колхоз, совхоз 
салынғаннан кейін ағаш сиреп кеткен.


152


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет