ЖАМАН САРЫСУ –
өз., Жаңаар. ауд., Орынбай елді мекенінің солт.
жағында Сарысу өзенінің бір сағасы.
Жаман және
сары (сын есім)+
су (зат есім) сөздерінің тіркесуі, бірігуінен жасалған. Өзен суының сарғыш,
лайсандығына орай аталған болуы мүмкін. Осы тәрізді
сары коол атауы
алтай тілінде де кездеседі.
Коол сөзі түркі тілдеріне монғол тілдерінен
ауысқан термин. О. Т. Молчанова аталған топоним мағынасын «сары,
бәлкім лайсаң өзен, кұрғақ өзен арнасы» деп түсіндіреді (1979, 285) Е.
Қойшыбаев
Сарысу атауын «кең су» деп таниды (1985).
ЖИДЕЛІ – Жаңаарқа ауданындағы
өзен. Сарысу алабында. Ұзындығы 58
км., су жиналатын алқабы 1200 шаршы км. Айғыржал тауының оңтүстік-батыс
беткейінен ағатын бұлақтар суының қосындысынан түзіліп, Сортаңмаңсай
мекені тұсында тартылып қалады. Арнасы тар, тастақ. Қар, жаңбыр суларымен
қоректенеді. Көктемде қар ерігенде суы ағып, жазда құрғап қалады. Мал
суаруға пайдаланылады.
КӨКСАЙ –
өз., , Жаңаар. ауд.
Көк (сын есім),
сай (зат есім) сөздерінің
қосылуынан жасалған. Мағынасы: «жағасы жасыл шалғын, шөбі көгеріп
жататын өзен, сай».
КӨКСАЛДЫҚ –
құр. өз., Жаңаар. ауд., Сарысу өзенінің солт.-інде.
Көк (сын есім)
, салдық (зат есім) сөздерінің қосылуынан жасалған.
Салдық сөзінің мағынасы түсініксіз. Атау осы өңірді жайлаған Қақсал руына
байланысты болуы да мүмкін.
ҚАЗЫҚҰРТ –
өз. тау, Жаңаар. ауд. А. Әбдірахмановтың пікірінше:
«Араб географтары Кркрд деп жазған бұл сөзді Гаркерд, Газкерд, Газкурд,
Гузкерд, Теркурд, Гуркурд деп оқуға келе беретіні ескерілсе, онда қазіргі
Қазықұрт осы қала атының кейінгі заманда дыбыстық өзгеріске ұшыраған
фонетикалық варианты деуге әбден болады дей келіп, «Осы тұрғыдан
келгенде, кер – топоним – атауын қазіргі «бұрылу», бөліну» мағынасында
кер(і) етістік сөзінің байырғы тілдегі етістік-есім түрінен қалыптасқан
деп қарауға болады», - дейді. «Ал
құрт ескі түркі тілдерінде «қасқыр»
мағынасында қолданылғаны белгілі», - деп тұжырымдайды. Сонымен, бұл
атау «тотемдік ту, тайпа атынан қойылған» деген пікірге қосылуға әбден
болады (Әбдірахманов, 1975).