Бұлақ этимологиясы Қарағанды облысы аймақтық топонимиясында кең тараған географиялық
атаулардың түрі – бұлақ аттары. Оның себебі тау бөктерлері мен тау
жазықтарында табиғи су көздері бұлақтар молынан шоғырланады.
Бұлақтардың таралу ареалы ландшафт ерекшелігіне, жердің физика-
географиялық жағдайына байланысты болып келеді. Бұлақ атауларының
басым көпшілігі «бұлақ» термині арқылы жасалады, бұл гидрографиялық
терминнің алдында тұрған анықтауыш сөз бұлақтың сан түрлі сипаттарын
атайды «Ащы-бұлақ» – суының ащылығынан аталған. «Ақпан» – Ақпан
батырдың туған ауылы болғандықтан, батыр атымен аталған. «Суықбастау»
– тау бауырынан шыққан суы өте суық бұлақтың атауы.
АҚҚҰДЫҚ –
құд., сай, шат, айр., бұлақ, Жаңаарқа ауд. Ақтау с/о.
Қызылтас тауының. оңт.-батысында, Ақтау ауылының солт.-шығысында
орналасқан.
Ақ (сын есім),
құдық (зат есім) сөздерінен жасалған. Топоним
құдық қазғанда топырақ түсінің ақ болуына орай да аталуы мүмкін.
АЛТЫНБҰЛАҚ –
бұлақ, Жаңаар. ауд. Ақтау с/о. Қаратөбе тауының
оңт.-шығысында, Ақтау ауылының оңт.-батысында орналасқан.
Алтын (зат
есім)
+бұлақ (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған метафоралық атау.
Бұлақтың қажеттілігі жоғары болғандықтан қойылған атау.
БОСАҒАБҰЛАҚ –
баст., Жанаар. ауд.
Босаға (зат есім) және
бұлақ (зат есім) сөздерінен құралған атау. Атаудың топонимдік мағынасы:
«қысаңдағы, төмендегі бұлақ».
БҰЗАУБҰЛАҚ –
бұлақ, құдық, Жаңаар. ауд. Атасу – Қарағаш тас
жолының бойында, Омарбек тауының оңтүстігінде, Жаманадыр тауының солт.-
шығысында. Атауы руы Найман Бұзау деген адамның есіміне байланысты
қойылған.