Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет60/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   182
БҰЗАУӨЛГЕН
– 
өз., 
Жаңаар. ауд., Шалғия пос.-нің солт. жағ.-да. 
Бұзау 
(зат есім) 
, өлген 
(етістіктің есімше тұлғасы) сөздерінің бірігуінен 
жасалған атау. Өзен тасығанда бұзаулар ағып кетіп, қырылған оқиғаға 
байланысты аталған.
БҰЛАНТЫ 
– 
өз., 
Жаңаар. ауд., 
төбе., сай,
. Атау 
бұлан 
(зат 
есім)+ты (сын есім қосымшасы) негізінде жасалған. Ерте заманда бұл 
жерде бұланның көп болуына байланысты аталған.
ДАРАТ
– 
өз., тау, тоған, е. м., 
Жаңаар. ауд., Отаутас тауының шығ. 
жағ.-да. Түркі тілдеріндегі: қаз. 
дара, 
қырғ. 
дере, 
қырым тат. дере<ир. 
дере 
– «шат, сай, тау қыспағы, тау аңғары». Бұл сөздің этимологиясы 
парсының «
дәрә
, дара – 1. аңғар, алқап. 2. тау асуы. 3. есік, қақпа» деген 
мағыналарда қолданылатына сөзінен шығуы мүмкін [Оңдасынов Н., б.132]. 
Көптік мағынадағы + -т қосымшасы да осыған меңзейді. Бұл атаудың тауға 
қойылуы да осы себептен болса керек. Ертеде бұл жерді «қара аттың дарасы» 
деп те атаған. 1942 ж. Жаңаарқа аудандық партия комитетінің шешімімен 
Ақтау жеріндегі Тарасу сайынан тоған байланған. Екі Ақмая тауларының 
арасындағы Қара аттың дарасы деп аталатын осы тар қылтадан ұзындығы 300 
м., көлденеңі 120м., биіктігі 18м., 4,5 млн. текше м.-ге дейін су сиятын тоған 
байланған. Нәтижесінде тереңдігі 15-16м., кейін серпкенде 4-5 км.-ге кететін 
су қоймасы пайда болған. Тоғанның құрылысы 1945 ж. толық аяқталған. 


150
ЖАҚСЫ САРЫСУ
– 
өз., 
Сарысу өзенінің бір тармағы, ұз. 113 км, 
Ақтоғ., Шет, Жаңаар. ауд. арқылы ағады. 
Жақсы 
(сын есім), 
сары 
(сын 
есім), 
су 
(зат есім) сөздерінен құралған атау. 
Сарысу 
атауының мағынасы 
Е.Қойшыбаевтың пікірінше (1985) «кең су», Э.Мурзаевтың ойынша 
(1984) 
сарысу 
– «лайсаң, балшықты, сары саз аралас, тұнық емес су». 
О.Молчанова (1979) алт. тілінде 
сары суу 
– «сарғыш, еріген, лайсаң,
көктемгі қар суы, бәлкім сары су» мағыналарын білдіреді дейді. Осы 
пікірлерге қосыла отырып, 
Жақсы Сарысу 
– «мол сулы, түсі сарғыш 
келген, айнала алқабы көгал, шалғынды үлкен өзенді» білдіреді деп 
топшылаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет