Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


МОЛАБҰЛАҚ –  баст.,  Жаңаар. ауд. Мағынасы: «мола жанынан  ағатын бұлаққа байланысты койылған атау». ТАҚЫРБҰЛАҚ



Pdf көрінісі
бет65/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
МОЛАБҰЛАҚ
– 
баст., 
Жаңаар. ауд. Мағынасы: «мола жанынан 
ағатын бұлаққа байланысты койылған атау».
ТАҚЫРБҰЛАҚ 
– 
бұлақ,
Жаңаар. ауд. С.Сейфуллин с/о. Ақтасты су 
қоймасының солт.-шығысында, Жақсы Иманақ тауының солт.-батысында. 
Тақыр
(сын есім) және 
бұлақ
(зат есім) сөздерінен құралған атау. Мағынасы – 
«Шөп шықпайтын тақыр жерден шығып жатқан су көзі, бұлақ».
ТАСБҰЛАҚ 

бұлақ,
Жаңаар. ауд., Бектау тауының оңт.-шығысында, 
Шұбароба тауының солт.-батысында, 
бұлақ,
Тасқоралы тауының оңт.- 
шығысында, Балажелкекті тауының солт. – батысында, 
бұлақ,
Шашты 
тауының оңт.-шығысында, Мырзашоқы тауының солт.-батысында, 
бұлақ,
Шөлқоңыр тауының оңт.-шығысында, Қосбұлақ бұлағының солтүстігінде. 
Атауы 
тас 
(зат есім)
, бұлақ 
(зат есім)

сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. 
Мағынасы – «тасты жерден шығып жатқан су көзі, бұлақ».
ДАЛАБҰЛАҚ 
– 
сай, 
Жаңаар. ауд. 
Дала 
(зат есім), 
бұлақ 
(зат есім) 
сөздерінен құралған атау, яғни «даладағы бұлақ».
ҚОЙТАНБҮЛАҚ

бұл., 
Жаңаар. ауд. Сарысу өзенінің солт.-де.
 
Қойтан 
(зат есім)
, бұлақ 
(зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Ә. 
Қайдаровтын айтуынша: 
қой 
– тау етегіндегі сай + тан қосымша. Яғни, атау 
«тау етегіндегі бұлақ» деген мағынаны береді.


154
Гелионимдар этимологиясы 
Орталық Қазақстан аумағында табиғи жағдайға байланысты далалық 
жартылай шөлейтті аймақтарда жаз мезгіліне қарай жердің беті ақтаңдап 
жатады. Сондай-ақ «көлдер уақытша су жетіспеушілігінен сортаңға айналады. 
Тұзды балшық болып келетін олардың ылғал беттеріне көп мөлшерде тұз 
жинақталады. Бұл сортаңдардың көп бөлігінде өсімдіктер жойылған, кейде 
тұздары қызғылт, сары, қоңыр түсті болып келеді. Бұларды 
сор 
деп атайды

Осыдан-ақ 
Асор, Сарысор, Қарасор 
топонимдерінің заттың түсіне байланысты 
айтылғандығы түсінікті» деп тағы бір мәрте нақтылап өтті.
112
[7]
Көптеген гидрогеографиялық нысандардың құрамында 
ащы 
термині 
кездеседі: Ащы, Ащысай, Ащыбұлақ т.б. Ащылар су, көл маңындағы тұз 
бенылғал сүйгіш өсімдіктерге бай, мал жайылымы болып табылатын 
жерлер. А.Е.Жартыбаевтың пікірінше, қазақ халқы су көздерінің жарамды, 
жарамсыздығын ескеріп, қай шөптің қай түлікке жұғымдылығын ежелден-
ақ аңғарған. Ащы термині жайылымның ерекшелігін, суының тұздылық 
дәрежесін бейнелейтін гидронимдер құрамында жиі кездеседі. Жері тұзды, 
ащылы келетін өңірлер қыста қарсыз болады. Сондықтан да ондай жерлерге 
қой мен ешкі түлігі күз бен қыс айларында жайылады. Ащылы жерлер мал 
қоңын жылдам көтереді. Ащы сор, сортаңды жерлерге тікенек тұқымдас 
көп жылдық өсімдіктер өседі. Ондай жерлерге түйе түлігін өсіреді. Сырттай 
қарағанда ащы геотерминіне қатысты топонимдер ащы сулы, сортаңды 
жерлер ұғымын білдіретіндей көрінгенмен, А.Е.Жартыбаев олардың әрбір 
геообъектіге қатысты ерекшеліктерді дәл таңбалай алуға қабілетті келетінін де 
жоққа шығармайды.
113
Мысалы: Ащылысай мен Ащылыөзек топонимдерінің 
құрамындағы сай мен өзек индикатор-терминдері сайға қарағанда өзекте 
судың көптігін, өзекке қарағанда сайдың тереңдігі мен ондағы өсімдіктер 
дүниесінің молдығын білдіріп тұрады. Ал 
Ащықарасу
лимнонимі жан-жағы 
жазық, шөптесінді, суы тұзды, жазғы немесе көктемгі уақытша мал жайылымы 
ұғымында қолданылады. Сарыарқа аймағындағы Орталық Қазақстанда 
көктем айларында ғана тасып ағатын өзендердің сағаларында жиналып 
қалған, көлшікке ұқсас су қорлары мен кейбір батпақты, балшықты жерлерге 
жиналған ағынсыз көлшіктерді білдіреді. Ал Орталық Қазақстанның оңтүстік-
батысындағы шөлді, жартылай шөлейтті далаларындағы айналасы бетегелі, 
жусанды, тораңғылы келетін тақыр мен шұңқырларға жиналған қақтардың 
түбі тұщы болады. 
112
Султаньяев О.Л. Принципы номинации в казахской топонимике Кокчетавской области // Ученые 
записки УрГУ. Серия филологическая. – 1971. – Вып. 18. – С. 62-72.
113
Жартыбаев А.Е. Орталық Қазақстан аймақтық топонимикасы. –
Қарағанды: «Болашақ баспа», 2008. – 379 б.


155


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет