Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет121/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

4-тарау. Белоктар алмасуы 
4.1.
 Белоктар, биологиялық құндылығы 
 
Белоктар метоболизмі көмірсулар мен липидтер алмасуынан 
әлдеқайда ерекшеленеді. Белоктар адам организміндегі барлық 
клеткалар мен тіндердің ең маңызды пластикалық материалы бола 
отырып, негізінен құрылымдық қызмет атқарады. Сонымен қатар, 
белоктар каталитикалық, реттеуші, қорғаныш қызметін (қан 
белоктары) атқарады. Белоктардың көрсетілген қызметтерін 
көмірсулар да, липидтер де орындай алмайды. 
 
Белоктардың көмірсулар мен липидтерден айырмашылығы 
ағзада қор ретінде жиналмайды, тек бауырда қан белоктарының аз 
мөлшері авариялық қор ретінде сақталады, қан жоғалту кезінде, 
жедел авариялық қордағы белоктар қанға шығарылады. 
Тіндер үнемі өзін-өзі жаңартып отырады және организмде 
ферменттер, гормондар мен биологиялық белсенді заттардың 
синтезделуі үшін әрдайым белоктар тағаммен бірге түсіп тұруы 
қажет. Әйтпесе, адам ағзасы өмірлік маңызды органдардың 
(ми,бүйрек,жүрек) белоктарын синтездеу үшін маңыздылығы аз 
басқа органдар мен тіндердің (бұлшықеттер) белоктарын 
пайдаланады. Мұның бары белоктарды тамақпен міндетті түрде 
қабылдау қажеттілігін көрсетеді. Денедегі белоктардың жалпы 
массасы 14кг құрайды. [38]. 
Белоктардың жартылай ыдырау мерзімі: 
Бүкіл дене белоктары - 80 күн 
Қан және бауыр белоктары - 10 күн 
Бұлшықет белоктары - 180 күн 
Ағзаның 
белокқа деген қажеттілігі адамның жасына, 
жынысына және кәсібіне байланысты болады: Ерлерде: 18-29 жас 
аралығындағыларға: 90-91г; 30-39 жас аралығында– 88г; 40-59 жас 
аралығында 83г. Әйелдерде: 18-29жаста 78г; 30-39 жаста 75г; 40-
59жастағыларға – 72г қажет. Нәрестенің 1кг салмағына шаққанда 
2,0-2,25г белок түсіп тұруы керек. Белокқа деген қажеттілік 
энергияның жұмсалуына байланысты: 10500кДж энергия ой еңбегі, 
механикалық еңбегі кезінде жұмсалғанда 106-120 г белок қажет 
болады. Тәулігіне организмде аминқышқылдарды қайта пайдалану 
нәтижесінде шамамен 500 гр белок синтезделеді, ал бұл тағаммен 
түскен белоктардан 5 есе көп. Организмге белоктың жеткіліксіз 


168 
түсуі немесе белокты тағамдарды мүлдем қабылдамай қою 
қайтымсыз 
патологиялық 
құбылыстарға 
әкеледі 
(мысалы, 
Квашиоркор ауруы). [11]. 
Белоктар пластикалық қызмет атқаратын заттардың көзі 
болғандықтан, олардың энергетикалық заттар ретіндегі рөлі аз. 
Тәулігіне 70 г аминқышқылдары ыдырайды, бұдан 1200 кДж 
энергия өндіріледі; бұл адам организмінің тәуліктік қажетті 
энергиясының 10 %-ын құрайды, 1гр белок ыдырағанда 17,2 кДж 
энергия бөлінеді. 
Белоктар организмге тағаммен міндетті түрде түсіп тұруы 
қажет. Тағам белоктарының биологиялық құндылығы бірдей 
болмайды: ол аминқышқылдың құрамымен анықталады. Құрамында 
алмастырылмайтын амин қышқылдары түгел кездессе, олар құнды 
белоктарға жатады. Белоктардың құндылығы олардың қорытылу 
дәрежесіне де тәуелді болады, мысалы, кератин қорытылмайды, 
сондықтан оның тағамдық 
құндылығы болмайды. 
Т
ағам 
белоктарының биологиялық құндылығы олардың аминқышқылдық 
құрамына және қорытылу дәрежесіне байланысты. Тағам 
белоктарының адам ағзасындағы белоктарға ұқсас болған сайын, 
құндылығы арта түседі. Құнды белоктарға -ет, сүт өнімдері, 
жұмыртқа, уылдырық т.б. жатады, себебі олардың құрамында 
алмастырылмайтын амин қышқылдары толық болады. 
Белок 
құрамының 
Халықаралық 
шартты 
үлгісінде 
алмастырылмайтын амин қышқылдарының үлесі 31,4%-ы құрайды. 
Адам организміне түсіп жатқан белоктардың қаншалықты жеткілікті 
екендігін анықтау үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет