170
анионына диссоциациаланады. Н
+
активті тасымалдану арқылы
асқазан қуысынан әсерлесетін жерге жетеді. Қан плазмасынан АТФ
ыдырауы нәтижесінде асқазанға тасымалданған хлор анионымен
әрекеттесіп, тұз қышқылын түзеді. Сl
-
ионының көзі ас тұзы (NaСl)
болып табылады. Тұз қышқылы бос және белокпен байланысқан
түрлерінде кездеседі. [2].
Тұз қышқылының маңызы:
1. Пепсиногенді
активтедіреді,
пепсиннің
рН
оптимумын
қамтамасыз етеді.
2. Белоктарды ісіндіріп, молекуладағы пептидтік байланыстарға әсер
етуге қолайлы жағдай жасайды және белокты денатурациялайды.
3. Асқазан бездерінің экзокринді секрецияларының гормональді
қозуына қатысады.
4. Асқаза мен ішектердің моторлы қызметінің бірден-бір реттеушісі
болып табылады.
5. Ас түйіршіктерін стерильдейді, бактериоцидті әсер етеді және
сфинкторлардың қызметін реттейді;
6. Асқазанның шыға беріс қатпашаларына рефлекторлы түрде әсер
етіп, астың жылжуына (эвакуациясына) көмектеседі.
7. Темірдің сіңірілуіне септігін тигізеді.
8. Он екі елі ішекке секретиндердің секрециялануын стимульдейді.
Асқазан сөлінің құрамындағы белоктар, ферменттердің
(пепсин, гастриксин, ренин және липаза) едәуір бөлігін құрайды.
Олардың ең негізгісі пепсин болып табылады. [9].
Достарыңызбен бөлісу: