Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет122/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

азотты баланс
деген түсінік енгізілген. 
Тағам белоктарының азоты зәрдегі азоттан көп болуы керек, бұл 
кезде азотты баланс оң деп есептеледі, яғни белоктар жеткілікті 
мөлшерде түседі. Егер тағам азоты несеп азотынан аз болса, азотты 
баланс теріс, яғни белок жеткіліксіз болғаны. 
Адамзаттың үштен екі бөлігі алиментарлы дистрофияның 
әртүрлі формаларына ұшырайды, оның себебі негізінен тамақ 
құрамында белоктың жетіспеуінен болады. Емізулі нәрестелерге 
белоктар жеткіліксіз түскенде Квашиоркор ауруы («емшектен 
шығару» деген мағына береді) дамиды. 
Бұл ауру Азия, Тропикалық Африка, Латын Америкасында көп 
кездеседі және емшектен айырғаннан кейін балалар тек өсімдік 
тектес тағамдармен қоректенеді: банан ботқасы, тары, жүгері т.б. 
құрамында белоктары аз тағамдар қабылдайтын балалардың қан 


169 
сарысуы белоктарының мөлшерінің төмендігі байқалады. Бұл кезде 
денеде ісіктердің пайда болуы, бой өсудің тежеуілдеуі, анемия, 
ақыл-есінің дамымай қалуы, ЛП синтезінің төмендеуі және 
бауырдың майлы дистрофиясы пайда болады. Кейде сан жағынан 
алғанда белоктар жеткілікті сияқты болып көрінгенмен, бірақ олар 
сапалық құрамы жағынан құнсыз болады. Мұндай жағдай 
вегетариандарда орын алады. Олар жануар тектес тағамдарды 
рационынан алып тастайды немес белок синтезі бұзылғанда, 
алмастырылмайтын амин қышқылдары толық түспейді. 
Өсімдік тектес тағамдарға соя, жүгері және соргоның 
белоктарын қосып қабылдағанда ғана барлық алмастырылмайтын
аминқышқылдары организмге түседі. Адам организмі тағаммен бірге 
нуклеин қышқылдарының түскенін қажет етпейді, себебі пуриндік 
және пирамидиндік негіздер бауырда амин қышқылдарынан 
синтезделеді. 
4.2. Белоктардың қорытылуы 
Тағаммен түскен белоктар қорытылуы керек. Асқорыту ішек 
жолдарында белоктар құрам бөліктеріне яғни, аминқышқылдарына 
толық ыдырағаннан кейін ғана қолданылады. 
Белоктардың қорытылуы асқазанда асқазан сөлі ферменттері 
әсерінен басталады. Дені сау ересек адамда тәулігіне 2 литрге жуық 
асқазан сөлі бөлінеді. Таза асқазан сөлі түссіз, иіссіз, құрамында аз 
мөлшерде кілегей болады. Ересек адамдарда қышқыл ортасы 
рН

1,5-2,0 ал балаларда рН

3 немесе 1-5,0-ге тең. Салыстырмалы 
тығыздығы 1,008 – 1,010. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет