169
сарысуы белоктарының мөлшерінің төмендігі байқалады. Бұл кезде
денеде ісіктердің пайда болуы, бой өсудің тежеуілдеуі, анемия,
ақыл-есінің
дамымай қалуы, ЛП синтезінің төмендеуі және
бауырдың майлы дистрофиясы пайда болады. Кейде сан жағынан
алғанда белоктар жеткілікті сияқты болып көрінгенмен,
бірақ олар
сапалық құрамы жағынан құнсыз болады. Мұндай жағдай
вегетариандарда орын алады. Олар жануар тектес тағамдарды
рационынан алып тастайды немес белок синтезі бұзылғанда,
алмастырылмайтын амин қышқылдары толық түспейді.
Өсімдік
тектес тағамдарға соя, жүгері және соргоның
белоктарын қосып қабылдағанда ғана барлық алмастырылмайтын
аминқышқылдары организмге түседі. Адам организмі тағаммен бірге
нуклеин қышқылдарының түскенін
қажет етпейді, себебі пуриндік
және пирамидиндік негіздер бауырда амин қышқылдарынан
синтезделеді.
4.2. Белоктардың қорытылуы
Тағаммен түскен белоктар қорытылуы керек.
Асқорыту ішек
жолдарында белоктар құрам бөліктеріне яғни, аминқышқылдарына
толық ыдырағаннан кейін ғана қолданылады.
Белоктардың қорытылуы асқазанда асқазан сөлі ферменттері
әсерінен басталады. Дені сау ересек адамда тәулігіне 2 литрге жуық
асқазан сөлі бөлінеді. Таза асқазан сөлі түссіз, иіссіз, құрамында аз
мөлшерде кілегей болады. Ересек адамдарда қышқыл ортасы
рН
1,5-2,0 ал
балаларда рН
3 немесе 1-5,0-ге тең. Салыстырмалы
тығыздығы 1,008 – 1,010.
Достарыңызбен бөлісу: