178
Кем дегенде аминқышқылдарын тасымалдайтын 5 түрлі жүйе
бар екендігі белгілі, олар: нейтралды, қышқылдық, негіздік, циклды,
пролинді жүйелер. Осы жүйелердің қатысуымен амин қышқылдары
сіңіріледі. Амин қышқылдарының максимальды сіңірілуі 12 елі
ішекте және аш ішектің бас жағында жүреді. Амин қышқылынан
басқа өте мардымсыз мөлшерде олигопептидтер (три және
дипептидтер) сіңіріледі. Кейбір жағдайларда қорытылмаған
белоктардың сіңірілуі орын алады. Мысалы: емшектегі нәрестеде
анасының сүтіндегі антиденелер сіңіріледі
Кей жағдайларда пептидтер мен қоздырғыштардың: күл,
тырысқақ және ботулизмнің токсин белоктары сіңірілуі мүмкін.
Бұлар айтарлықтай ірі молекулалы қосылыстар және олардың ішек
кілегей қабаты арқылы тасымалдану механизмдері әліге дейін
түсініксіз. Сіңірілген амин қышқылдарының біраз бөлігі ішек
қабырғасы белоктарының синтезіне жұмсалады, біразы қақпа венасы
арқылы бауырға тасымалданып қан плазмасы белоктарының
авариялық қорын түзеді. Қалған амин қышқылдары бауыр
клеткалары белоктарының синтезіне жұмсалады, үлкен қан айналым
жүйесіндегі аминқышқылдарының 85-100% -ы 5 минут ішінде
тіндер мен клеткаларға тасымалданып үлгереді.
Достарыңызбен бөлісу: