183
жұмыс кезінде бұл норма 130-150 г дейін артады. 12 жасқа дейінгі
балаларға тәулігіне 50-70 г белок жеткілікті болады.
Ұзақ уақыт белоксыз тамақтану метаболизмде ауыр
бұзылыстардың пайда болуына әкеліп соқтырады, ақырында
организм еріксіз өлімге ұшырайды.
Тіпті,
бір алмастырылмайтын амин қышқылы тағам
құрамында жетіспесе, басқа амин қышқылдар толық игерілмейді,
бұл теріс азотты баланс тудырады, организм қажиды, арықтайды,
өсуі тоқтайды және жүйке жүйесінің қызметі бұзылады.
Дәрілік зат ретінде пайдаланылатын аминқышқылдары:
Глутамин амин қышқылы
– ағзада тотығу процесін
стимульдейді, аммиакты уақытша залалсыздандырады және ағзадан
шығарылуына септігін тигізеді, ацетилхолин мен АТФ синтезін
активтендіреді. Глутамин амин қышқылы медиатор ретінде ОЖЖ-
нің синапстарынан қозудың өтуін ынталандырады.
Негізінен ОЖЖ аурулары: эпилепсия, адамның жабығуы мен
торығуы кезіндегі реактивті күйі, церебральды сал, Дауна және т.б.
ауруларды емдеуге қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: