Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


пепсин мен  гастриксиннің



Pdf көрінісі
бет129/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

пепсин
мен 
гастриксиннің 
арақатынасы 
4:1, ал асқазанда жара пайда болған жағдайда, гастриксин мөлшері 
артады. Асқазан сөлімен бөлінетін пепсин ферменті ароматты амин 
қышқылдары: фенилаланин, тирозин, триптофан, гистидиннің
СООН тобымен түзілген пептидті байланысты үзеді.
Гастриксин 
дикарбон амин қышқылдарынан кейін орналасқан 
пептидті байланысқа әсер етеді. 
Тағам түйірі асқазанда ұзақ сақталмайды, белоктардың қорытылуы 
негізінен ұйқы безі сөлімен және ішек сөлі арқылы бөлінетін 
ферменттердің қатысуымен ішек қуысында қорытылады. 
Эластаза
ферментінің активсіз түрі проэластин, алдымен 
трипсинмен активтененнен кейін, эластинді гидролиздейді. 
Эластаза СООН тобымен түзілген пептидті байланыстарды 
гидролиздейді. 
Трипсин
ферменті, лизин және аргинин амин қышқылының 
қалдығынан құралған пептидті байланыстарды үзеді
.
Химотрипсин
ферменті ароматты амин қышқылдары бар 
белоктарға белсенді әсер етеді. Белоктар ферменттердің әсерінен әр 


177 
түрлі амин қышқылдарына дейін ыдырайды. Жоғарыда аталған 
ферменттердің әсерінен, барлық белоктар полипептидтерге дейін 
ыдырайды. Түзілген полипептидтерге экзопептидазалар өкілдері:
Карбоксипептидаза А
- ароматты және алифатты амин 
қышқылдары түзген пептидтік байланыстарды гидролиздейді 
.
Карбоксипептидаза С
(аргин және лизиннен түзілген пептидті 
байланысты үзеді). Бұл ферменттер амин қышқылдардың
қалдықтарына полипептидті тізбектің карбоксил тобы орналасқан 
ұшынан гидролиздейді.
Аминопептидазалар
амин қышқылы қалдығын полипептидті 
тізбектің N – ұшынан гидролиздейді.
Трипептидаза 
мен 
дипептидазалар
сәйкес три- дипептидтерді 
гидролиздейді. Қорытылу аяқталғаннан кейін аминқышқылдар әр 
түрлі жолдармен сіңіріледі. 
4.3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет