175
орталығында мырышпен берік байланысқан карбоксипептидаза
полипептидті тізбектің С шетіндегі амин қышқылдары лизин және
аргинин түзетін пептидтік байланыстардан басқа пептидтік
байланыстарды гидролиздейді. В карбоксипептидаза құрамына
лизин мен аргинин кіретін пептидті тізбектің С шетіне әсер етеді.
Проэластазаны трипсин эластазаға айналдырады, коллагенді
ыдырататын коллагеназа сияқты,
эластаза
эластинді гидролиздейді.
Панкреатид кезінде коллагеназа ұйқы безі тіндерінің өлуіне
(некрозға)
себеп
болуы
мүмкін.
Ұйқы
безінде
экзо-,
эндопептидазалар. Гликозидазалар: амилаза, мальтаза, лактаза,
инвертаза түзіледі.
Липаза ұйқы безінде активсіз күйінде бөлінеді, ол өт
қышқылдарының
тұздарымен
активтенеді.
Нуклеин
қышқылдарының гидролизденуін қамтамасыз ететін нуклеаза да
кездеседі. Ас қорыту ферменттерінен басқа АТФ-аза, холин
эстераза, моноаминооксидаза және басқа ферментте болады.
Ұйқы безі сөлінің ферменттік құрамы тағамының мөлшері мен
сапасына, тамақтану мерзімі мен сипатына, өсімдік тектес тағам мен
жануар тектес тағамдардың қатынасына байланысты болады.
Ферменттердің белгілі бір бөлігі қанға түседі. Олардың қанда
көбеюі ұйқы безі клеткаларының өлуі (некроз), өзектердің бітелуі
немесе қабыну нәтижесінде клеткалар арасындағы ферменттер
диффузиясының күшеюінен болуы мүмкін.
Күрделі белоктардың қорытылуы простетикалық топтарының
бөлініп шығуынан басталады. Белоктардың ыдырамаған кейбір
бөліктерінің қорытылуы тоқ ішектегі микрофлора ферменттерінің
қатысуымен әрі қарай жалғасады. Бұл процесс- белоктардың
Достарыңызбен бөлісу: