Метилдену және трансметилдену. Молекулаларға метил
тобын енгізу
метилдеу деп аталады. Метил тобын активті
метиониннен акцепторға көшіру
трансметилдеу деп аталады.
Метилдену реакцияларының маңызы:
1. Бірқатар кіші молекулалы қосылыстардың (холин, креатин,
тимидил нуклеотид және т.б.) синтезделуі.
2. Биологиялық активті заттарды инактивациялау (катехоломиндер).
3. ДНҚ, РНҚ түрлерінің, бірқатар белоктар жетілуі мен кейбір
белоктар бұзылыстарының алдын алуға мүмкіндік тудырады.
Трансметилдеу
реакцияларына
қатысатын
ферменттер
метилтрансферазалар деп аталады. Метил тобының универсалды
доноры ретінде S-аденозилметионин қолданылады.
Метил
тобының
тасымалдаушысы
метилтетрагидрофоль
қышқылы. Холин мен бетаин метил тобының көзі бола алады.
Трансметилдеу процесі келесі реакциялар арқылы жүзеге асады.
1. Метиониннің активтенуі . Метиониннің күкірт атомына АТФ-
тен аденозил тобын ауыстырғанда S-аденозилметионин түзіледі.
Реакцияны метионинаденозилтрансфераза ферменті катализдейді.
Бұл реакцияда метиониннің CH
3
тобы көрші күкірт атомы әсерінен
активтенеді және сондықтан S-аденозилметионин заряды оң
болғандықтан жоғары реакцияшыл молекула болып табылады.
2. Субстраттың метилденуі. S-аденозилметионин метил тобын
акцепторға беріп, өзі S-аденозилгомоцистеинге айналады. Бұл кезде
бос энергия бөлінетіндіктен реакция қайтымсыз болады..
3. S-аденозилгомоцистеин гидролизденгенде аденозин және
гомоцистеин түзіледі.
4. Гомоцистеин N⁵-метилтетрагидрофоль қышқылын қолданып
және
метилкобаламиннің
(B12-нің
коферменттік
формасы)
қатысуымен метилденіп метионинге айналуы мүмкін. Осылайша,
қайта пайдалану үшін метионин қалпына келтірілуі мүмкін.
Метионин алмастырылмайтын аминқышқылы болғандықтан, бұл
реакция организмдегі метионинің синтезі емес екенін атап өту керек.