Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет137/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

2. Адреналиннің синтезі.
 Фенилаланин мен тирозиннен
бүйрекүсті безінің милы затында 
адреналин синтезделеді. S-аденозилметиониннің қатысуымен 
норадреналиннің метилденуінен адреналин
 
синтезделеді. 
Метилдену адреналин молекуласын тұрақтандырады. Бұл оның қан 
арқылы тасымалдануы мен гормондық қызметін орындауына қажет. 
3. Фосфатидилхолин синтезі.
Фосфатидилэтаноламинді метилдеу
фосфатидилхолиннің
амфифильді молекуласының түзілуіне әкеледі. Бұл фосфолипаид 
мицелла, липосома және мембрана құруға қолданылады. 
4. Нуклеин қышқылдарының метилденуі. 


188 
Бауыр клеткаларындағы нуклеин қышқылдары құрамындағы 
негіздердің метилдену реакцияларын катализдейтін ферменттер 
полинуклеотидметилтрансфераза кездеседі. Метилденген негіздер 
нуклеотидті тізбектердің спецификалық маркері рөлін атқарады және 
ДНҚ мен РНҚ-ны нуклеаза ферменттері әсерінен қорғайды.
5. Бөгде қосылыстардың метилденуі
.
Адам тіндерінде, көбінесе бауырда бөтен және дәрілік 
заттардың 
N-, O-, S- метил конъюгаттарын түзу үшін метилдену 
реакциялары жүреді, нәтижесінде бұл қосылыстардың биологиялық 
активтілігі өзгереді. 
Фенилаланин мен тирозиннің алмасуы.
Фенилаланин мен тирозин аминқышқылдары хош иісті болады. 
Фенилаланин алмастырылмайтын аминқышқы, сондықтан оның 
бензол сақинасын адам организмі синтездей алмайды. Тирозин 
толығымен алмастырылады, тек тағам арқылы фенилаланин 
жеткілікті мөлшерде түсіп тұрса болғаны. [17]. 
Фенилаланиннің ағзадағы мөлшерінің басым көпшілігі, тирозин 
арқылы зат алмасуға қатысады. Тирозин белок биосинтезіне 
жұмсалады және биологиялық белсенді заттардың – адреналин, 
норадреналин дофамин, тиреоидты гормондар мен меланин 
пигментінің түзілуі үшін қажет. 
Метаболизм процесі барысында фенилаланин мен тирозин амин 
қышқылдары глюкоза мен липидтердің синтезделуіне қажетті 
ізашарлар болып табылатын метаболиттерге алғашқы өкілдері 
болып табылатын метаболиттерге айналады. Осылайша, бұлар 
кетогенді және гликогенді аминқышқылдарының қатарына жатады.
Бұл аминқышқылдарының түрленуінен биологиялық активті 
заттар синтезделеді. Осы аминқышқылдар алмасуы ферменттерінің 
ақаулары салдарынан зат алмасудың бұзылыстары дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет