Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет125/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Пепсин 

асқазандағы 
кілегейлі 
қабаттың 
негізгі 
клеткаларында активсіз профермент түрінде түзіледі де, секреторлы 
гранула түрінде жиналады. Активтендіру қышқыл ортада жүреді, тұз 
қышқылының әсерінен пепсиногеннен ерекшелігі бар ингибитор 
бөлінеді. Тұз қышқылы әсерінен полипептидті тізбектің N-ұшы 
жағы ішінара протеолизге ұшырайды нәтижесінде фермент 
молекуласының конформациясы өзгеріп, активті орталығы 
қалыптасады. 
Пепсин 
pH-1,5-2,5 
көрсеткішінде 
белок 
молекуласының 
ішкі 
жағындағы 
пептидті 
байланысты 
салыстырмалы спецификалы әсер етуі арқылы гидролиздейді. 
Пепсин ароматты амин қышқылдарының карбоксильді топтары 
арасында түзілген пептидтік байланыстарды үзеді. Пепсин әсерінен 
асқазанда белоктардың ыдырауынан түзілген полипептидтер он екі 
елі ішекке түседі. Он екі елі ішекке ұйқы безі сөлі бөлінеді. Ұйқы 
безінің сөлі құрамында бикарбонаттар көп болады сондықтан 
сілтілік реакция көрсетеді (pH – 7,5-8,2). Он екі елі ішекке
асқазаннан түскен ас түйірі нейтралданады және пепсин 
активсізденеді. Сонымен қатар асқазан сөлінде болатын гастриксин 
ферменті протеолитикалық активтілік көрсетеді. 
Гастриксин
- өзінің субстратық ерекшелігімен пепсинге ұқсас, 
ол моноаминодикарбон амин қышқылдарынан түзілген пептидтік 
байланыстарды үзеді. Пепсиннен айырмашылығы – белоктарды 
әлсіз қышқылды ортада ыдырата алады, оптимум рН – 3,3-ке тең, 
сондықтан гастриксин белок гидролизін пепсинге қарағанда ерте 
бастайды. 
Гастриксин 
үлесіне 
барлық 
протеолитикалық 
активтіліктің ¼ бөлігі тиеді, фермент жоғары тұрақтылық пен 
нейтралды ерітіндіде төзімділігімен ерекшеленеді. 
Ренин 
ферменті емшектегі нәрестенің асқазан сөлінде болады. 
Ренин нәрестелерде белоктардың қорытылуында маңызды рөл
атқарады. Ол сүтті ұйытады нәтижесінде еритін козеиноген 
ерімейтін козеинге айналады. Ерімейтін козеиннің он екі елі ішекке 
қарай жылжуы баяулайды сондықтан, ол протеазаның әсерінен 
гидролизденеді 
Асқазан сөлінде басқада бірнеше пептидазалар болады, олар: 
пепсин В, С, Д. Пепсин В (екінші аты желатиназа) желатинді 
ыдыратуға қабілетті. Пепсиногендердің әр түрлі формалары 
асқазанның кілегей қабатының әр түрлі бөліктерінде түзіледі. 


173 
Асқазан сөлі липазасы активсіз түрде түзіледі, спецификалық 
активаторы - өт қышқылдарының тұздары әсерінен активтенеді. 
Оптимум рН 5,5-ке тең. Эмульгирленген майларды ыдыратады. 
Асқазан сөлі құрамында гастромукопротеидтер және муциндер 
болады. Гастромукопротеидтер (Каслдың ішкі факторы) тыстаушы 
клеткалармен бөлінеді, В
12
дәруменін бұзылудан сақтайды және 
ішекте сіңуіне септігін тигізеді. Ол жетіспеген жағдайда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет