174
хлоридтер, К мен Nа катиондары құрайды.
Ұйқы безінің сөлі қан
плазмасымен изотонды, яғни, сапасы жағынан ұқсас болады. Көмір
қышқылының түзілуін тездететін, және оны бикорбонат(НСО
3
–
)
анионына,
сутегі(Н
+
)
катионына
диссоциацияландыратын
карбоангидраза ферменті бикарбонат иондарының түзілуінде
шешуші рөл атқарады. Бикарбонат анионы өкпедегі ацинустардан
келетін өзекті қаптап эпителий клеткаларының иондарымен бірге
бөлінеді. Бөлінген бикарбонат иондарының
белгілі мөлшері аш ішек
ішіндегі заттарды нейтралдауға қатысады және ұйқы безі сөлі
ферменттерінің әсер етуіне қажетті, рН оптимумды тиісті деңгейде
ұстап тұрады. Маңызды иондардың бірі –хлоридтер.
НСО
3
–
және
хлордың(Сl
–
)
концентрациясы
әдетте
тұрақты,
дегенмен
аниондардың салыстырмалы концентрациясы
сөлдің бөліну
жылдамдығына тәуелді болады. Сөлдің бөліну жылдамдығы төмен
болғанда хлор анионы мөлшерінің көбейгені көрінеді, ал бөліну
жылдамдығы жоғары болғанда бикарбонат
анионының мөлшерінің
жоғарылағаны байқалады. Негіздік бір валентті катиондар Nа
+
және
К
+
, олардың мөлшері клетка сырты сұйықтықтағы иондардың
концентрациясына тең болады.
Активсіз түрінде бөлінген ферменттер ішек қуысында
активтенеді, ал активті түрде синтезделген ферменттердің
активтенуіне он екі елі ішектің эффекторлары қажет. Осының бары
ұйқы безін, аутолизден қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: