Қорытынды
Липидтер жылуды нашар өткізетіндіктен изолятор қызметін
атқарады. Адамды суықтан қорғайды. Липидтер: субстарттық,
энергетикалық, құрылымдық, тасымалдаушылық, механикалық,
қорғаныштық,
жылуды
изоляциялау,
электроизоляциялау,
эмульгирлеуші, реттеушілік, дәрумендік, еріткіштік қызметтер
атқарады. ТАГ энергия көзі ретінде қолданылады, ФЛ пластикалық
қызмет атқарады, биомембрананың құрамына кіреді. Барлық
липидтердің 50% ФЛ-тер болып табылады. ФЛ, ЛП-ер ерімейтін
липидтерді тасымалдайды. Олар жоғарғы активті заттар. Қанның
ұю процесіне қатысады. Бауырды май басып кетуден сақтайды.
Мембрана липидтерінің 30% ХСН болып табылады. Бұл зат
амортизатор қызметін атқарады, мембрананың липидтері өте сұйық
болса, оны қатайтады, ал тығыз болса сұйылтады. ХС мембрананың
сыртқы бетінде көп кездеседі және қорғаныш қызметін атқарады,
КҚМҚ-ын пероксидтік тотығудан сақтайды, диэлектрик қасиеті бар,
сондықтан нерв импульсін тек бір ғана бағытта жүруін қамтамасыз
етеді. ХСН-нен жыныс гормондары, бүйрек үсті безінің қыртысты
қабатының гормондары, Д дәрумені, өт қышқылдары синтезделеді.
Липидтер мицелла құрамында, аш ішекте сіңіріледі, әрі қарай
хиломикрондармен өкпеге тасымалданады. Бауырда түзілген еркін
ЛП-ер: ӨТТЛП, ТТЛП қан арқылы тіндерге жетіп,
клеткаларының мұқтажына жұмсалады. Аралық алмасу процесі
барысында түзілген соңғы өнімдер: су, СО
2
, ацетон сыртқа
шығарылады, ал липидтердің тотығуы барысында бөлінген энергия
АТФ синтезіне жұмсаладжы.. Соматотропин майлы периферикалық
қорға әсер етіп, липидтердің бауырға өтуін қамтамасыз етеді.
Соматотропин мөлшері шектен тыс артқанда бауырдың майлы
инфильтрациясын шақырады. Ацетаттың әсерінен соматотропин
липидтердің синтезделуін тежейді. Бауырда холин жеткіліксіз
болса, майлы инфильтрация дамиды; ағзада ТАГ мөлшері құрғақ
салмаққа шаққанда 35-40%-ға өседі.
Токсикалық стеатоз тудыратын заттардың қатарына алкоголь
жатады. Кребс цикліндағы активті сірке қышқылының тотығуын
төмендетеді. Сонымен қатар басқа да механизмдерге әсерін тигізеді.
Деподағы майларды жаппай мобилизациялайды. Алкогольдің
каллориясы (7,1ккал/г) жоғары болғандықтан, майқышқылдары
энергия көзі ретінде үнемделеді.
166
Достарыңызбен бөлісу: |