Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет138/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

1. Дені сау организмде
белок биосинтезіне пайдаланылмай қалған 
фенилаланин бауырда тирозинге айналады. Фенилаланин пара-
позициясына аралас қызмет атқаратын микросомальды оксигеназа- 
фенилаланингидроксилаза ферментінің қатысуымен бір атом 
молекулалық оттегі тіркеледі, ал екінші оттегі атомы 
тотықсызданып су түзеді. Фенилаланингидроксилаза кофактор 
ретінде тетрагидробиоптеринді пайдалананып, электрондарды 
НАДН-тан О
2
-ге ауысырады және дигидробиоптеринге дейін 
тотығады. Тетрагидробиоптериннің құрамында фолий қышқылы 
сияқты птеридин бар, бірақ ол бір көміртекті радикалдарды 


189 
тасымалдау үшін пайдаланылмайды. Әрі қарай фенилаланин мен 
тирозиннің алмасуы бірге жүреді. 
 2.Тирозин трансаминденгенде
п- гидроксифенилпируватқа 
айналады, реакцияны тирозинтрансаминаза катализдейді. 
3. n-Гидроксифенилаланинпируват гидроксилаза
ферменті 
(құрамында Cu бар диоксигеназа) п-гидроксифенилпируваттың 
Фенол сақинасын декарбоксилдеу және гидроксильдеу арқылы 
гомогентизатқа айналдырады. Бұл реакцияның жүруі үшін аскорбин 
қышқылы қажет болады.
 4. Гомогентизатоксидаза
(құрамында темірі бар фермент)
гомогентизатты ыдыратады және бірқатар аралық сатылардан соң
фумарат пен ацетоацетат түзіледі. Фумарат ҰКҚЦ-ның аралық өнімі
және ол глюконеогенездің прекурсоры ретінде жұмсалуы мүмкін. 
Ацетоацетат – кетондық дене болып табылады.
5. Меланиннің синтезі. 
Меланин синтезі меланосомаларда жүреді, олар
 
мелоноциттерде 
терінің пигмент түзетін клеткаларында, шаш құрамында кездеседі. Т
ирозиназа (құрамында Cu болаты оксигеназа) тирозинге гидроксилто
бын жалғап, 3,4 –дигидроксифенилаланин (ДОФА) түзеді.
ДОФА бірнеше аралық сатылардан соң, меланинге айналады. Тері 
түсінің қара және қызыл болуы осы түстердің ара-қатынасымен 
анықталады. Ол бірнеше факторларға: генетикалық немесе қоршаған 
ортаның әсерлеріне байланысты болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет