Аминқышқылдар биологиялық активті заттардың (БАД) негізін салушылар Жиырма протеиногенді аминқышқылдардың 10-шақтысы
алмастырылмайтын болғандықтан, адам үшін өте маңызды болып
табылады. Бактериялар мен өсімдіктерде барлық 20 протеиногенді
аминқышқылдары үшін: 3-оксалоацетат, 2-оксоглутарат және
көмірсу алмасуы пентозофосфатты жолының екі моносахаридтері
негізін қалаушылар болып табылады.
Аминқышқылдар бірқатар кіші молекулалы биорегуляторлардың
прекурсорлары болып табылады. Аминқышқылдардың туындылары
құрылымдық, динамикалық және реттеушілік қызметтер атқарады.
Порфириндер синтезі. Дені сау адамның эритроциттері 120 күннен кейін
деградацияға ұшырайды. Метен көпіршесі үзіліп, жасыл түсті
пигмент биливердинге айналады. Әрі қарай биливердиннің орталық
метен көпіршесібилоивердинредуктазаның қатысуымен қызыл
пигмент билирубин түзіледі. Тері астына қан құйылғаннан кейін тері
түстінің өзгеруі осы түрленулердің индикаторы болып табылады.
Порфирия - гем синтезі ферменттерінің жеткіліксіз болуына
байланысты пайда болған, туа біткен бұзылыстар. Порфирин бауырда
және зритроциттерде синтезделеді. Бұл ауру косинтазаның жетіспеуі
салдарынан туындайды. Порфирияның бұл түрінде
уропофириноген III –ің синтезімен қатар уропорфириноген I
және
басқа симметриялы туындылары көп мөлшерде түзіледі. Мұндай
аурудың зәрі қызыл түсті, себебі уропорфириноген I көп мөлшерде
экскрецияланады. Олардың тістері ультракүлгін сәлесінде қызыл түс
береді. Терілері жарыққа өте сезімтал келеді. Үздік-үздік байқалатын
өткір порфирия бауырдағы порфирин алмасуының бұзылыстарынан
болады және порфобилиноген мен δ – аминолевулен қышқылдары
192
артық мөлшерде өндіріледі. Мұндай науқастарда іштің қатты
ауырсынуы және неврологиялық бұзылыстар орын алады.
Аминқышқылдардың бір бөлігі зат алмасуда маңызы зор