Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет149/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Қатерлі меланома 
ауруы бар науқастарда тирозин немесе,
фенилаланин, негізінен меланиннің синтезіне жұмсалады. 
Меланомада организмнің ерекше қажуы осымен түсіндіріледі. [1]. 
Адам ағзасында триптофанның жетіспеуі, дене салмағының 
төмендеуіне әкеледі, ал нәрестеде триптофанның жетіспеушілігі 
анорексия
және
 гипопротеинемия
тудырады.
Лизиннің 
жетіспеуі, 


205 
адамдарда бас айналу, жүрек алыну, шуылға сезімталдықтың 
жоғарылауы орын алады. 
Гистидин
жетіспеушілігі, гемоглобин 
қонцентрациясын төмендетеді. 
Аргинин 
жетіспегенде, ерлерде 
гипоспермия байқалады. [17]. 
Метионин
жетіспесе, бауыр мен бүйректі май басады, бұл 
мобильді метил тобының жетіспеуінен туындайды. 
Кейбір алмастырылатын амин қышқылдары тағам арқылы 
организмге түспей қалса, олар да алмастырылмайтын амин 
қышқылдарына айналады, себебі ағза клеткалары бұл амин 
қышқылдарын тез арада синтездеп үлгермейді. 
Цистин
жетіспесе клетканың өсуі толық тежеледі, ол
жеткілікті болғанда, метионинге деген қажеттілік 15%- ға
төмендейді, ал керісінше, рационнан цистинді толық шегеріп 
тастағанда, метионинге деген қажеттілік күрт артады, бұл кезде 
қалыпты қоректену жеткіліксіз болады. Осылайша, организмдегі 
алмастырылатын амин қышқылдары анаболикалық процестердің 
лимиттеуші факторларына айналады.
Тек, алмастырылмайтын амин қышқылдарының организмге 
түсуі әдетте, құнды белоктарға бай тағамдарды пайдаланғанда орын 
алады, десекте, бұл биосинтез реакцияларының қалыпты жүруін 
қамтамасыз ете алмайды. Организмге белок жетіспеуі, немесе кейбір 
ауыр сырқаттар салдары азотты баланстың бұзылуына әкеледі. 
Адам толық және жартылай ашыққанда, немесе тек өсімдік 
тектес тағамдарды пайдаланғанда, организмде белок жетіспеушілік 
байқалады, 
нәтижесінде 
теріс 
азотты 
баланс 
дамиды, 
гипопротеинемия пайда болады. Бұл өз кезегінде, коллоидты- 
осмостық және сулы – тұзды алмасудың бұзылыстарына әкеледі. 
Тағамдық дистрофияның ауыр формалары ұзақ уақыт 
жеткіліксіз және құнсыз тамақтанудан пайда болады. Бұл кезде адам
өте арықтайды, зат алмасу, организмнің барлық органдары мен 
жүйелері бұзылады, бұлшықет атрофияға ұшырайды. [19]. 
Аминоацидурия 
– зәр арқылы амин қышқылдарының бөлінуі. 
Адамның жасы, тамақтану сипаты, жынысы, гормондар т. б. 
факторлар амин қышқылдардың зәрмен бөлінуіне айтарлықтай әсер 
етеді. Нәрестелердің зары арқылы ересектермен салыстырғанда 
амин 
қышқылдар 
көп 
бөлінеді. 
Амин 
қышқылдардың 
экскрециялануын жоғарылаған және төмендеген болып екіге 
бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет