Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет157/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Протеогликандар 
жоғары молекулалы қосылыстар
құрамындағы белоктар 5-10% және гликозаминогликандар (ГАГ-
тар) 90-95% құрайды. ГАГ-тар – гетерополисахаридтер, құрамы
урон қышқылдары мен гексозаминдер көп рет қайталанатын 
дисахаридтердің мономерлері болып табылады.
Ертеректе бұларды мукополисахаридтер деп атаған, себебі 
шырышты секрециялардан табылған. ГАГ-тар өте көп мөлшерде
суды байланыстырады, сондықтан клеткааралық заттар желетәрізді 
сипат 
алады. 
Протеогликандар 
құрамындағы 
белоктар, 
молекулалық массасы әртүрлі бір полпептидті тізбектен тұрады. 
Бұл белоктарды жүректік (сердцевинными) деп те атайды.
Әртүрлі протеогликандардың полисахаридті компоненттері әр 
түрлі болады.
Протеогликандардың атқаратын қызметтері: 
- клетка сыртындағы матрикстің құрылымдық компоненттері
- әртүрлі тіндерде тургорды қамтамасыз етеді; 
- полианион ретінде поликатионды, катионды байланыстырады; 
- сүзгі тәрізді әсер етеді ( бүйректегі фильтрация); 
- клеткалық миграцияға әсер етеді
- клеткааралық матрикстегі қысу күштеріне қарсы тұру; 
- көздің қасаң қабығының мөлдірлігін сақтайды; 
- көздің склерінде құрылымдық қызмет атқарады; 
- антикоагулянттар болып табылады
- клетканың беткі жағында рецепторлар түзеді; 
- клеткааралық контакт қалыптастырады; 
- клетканың синаптикалық везикуласы құрамына кіреді; 
Қазіргі 
таңда 
ГАГ-дың 
алты 
негізгі 
класстарының 
құрылымдары белгілі: 


214 
Гиалурон қышқылдары
- көптеген органдар мен тіндерде 
орналасқан. Дәнекер тіндердің клеткааралық негізгі заттарының
және клетка қабырғасының құрамына кіреді. 
Гиалурон қышқылының негізгі қызметі суды өзіне қосып алып, 
байланыстырады. Осының нәтижесінде, клеткааралық заттар желе 
тәрізді – қоймалжың матрикс түзеді, осылайша клетканы қорғап 
тұрады және тіндердің өткізгіштігін реттейді. 
Сонымен қатар, жеткілікті мөлшерде синовиалды сұйықтық,
шыны тәрізді денелер құрамында, кіндік арқанында, буын 
сұйықтығында, бос күйінде кездеседі. 
Шеміршекте белоктармен байланысқан және протеогликанды 
агрегаттардың түзілуіне қатысады. 
Гиалурон қышкылы құрамындағы қайталанатын дисахаридті 
бірліктер N – ацетилглюкозаминдер мен D - глюкурон 
қышқылдарынан тұрады. [20]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет