Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет154/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 


210 
Қорытынды
 

Белоктар макромолекулалардың ең маңыздысы. 70 кг массасы


бар адамның организмінде шамамен 10 кг белок болады, оның
көпшілігі бұлшықеттерде кедеседі. Тағаммен түскен белоктар
асқорыту – ішек жолында амин қышқылдарға гидролизденеді, ішекте 
сіңіріледі, қан ағымы арқылы, бүкіл организмге таралады. 20 амин 
қышқылының 
12-сі 
организмде 
синтезделеді, 
ал 

алмастырылмайтыны тағаммен түсуі қажет. Ішек, аз мөлшерде 
бүйрек арқылы организм белоктарды жоғалтады. Сондықтан,
күніне тағаммен, 30 г белок түсіп тұруы қажет. Ересектерде күніне
300 – 400 г белоктар амин қышқылдарына дейін ыдырайды. Сол 
кезде шамамен сонша амин қышқылдарынан белок биосинтезі
жүреді. Ағзадағы белок айналымының осынша жоғары болуы,
қажеттілікке 
байланысты, 
себебі 
көптеген 
белоктардың 
салыстырмалы түрдегі өмірі қысқа мерзімді, олар синтезделгеннен 
кейін, бінеше сағаттан соң жаңара бастайды. Өмірі оданда, қысқа 
мерзімді, аралық алмасудың негізгі ферменттері синтезделгеннен 
кейін, бірер сағаттан соң, жаңара бастайды. Бұл тұрақты ыдырау мен 
ресинтез клеткаларға тез арада метаболизмнің қажеттілік деңгейін
және маңызды ферменттердің активтілігін тиісті дәрежеде 
сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Белоктар организмде: құрылымдық, механикалық
катализаторлық, 
қоректік 
тасымалдау, 
қорғаныш, 
реттеуші, 
электротрансформациялау, сияқты маңызды қызметтер атқарады. 
ірқатар амин қышқылдары дәрілік заттар ретінде қолданылады. 
Амин қышқылдарының маңыздылығы бірінші кезекте олар 
анаболизм процесіне: белоктардың синтезіне, организмде зат алмасу 
процесін реттейтін нейромедияторлар мен гормондар синтезіне
сонымен қатар көптеген биологиялық активті қосылыстардың
түзілуіне жұмсалады. Тірі организмде жүретін көптеген химиялық 
түрленулердің өзара байланыстылығын амин қышқылдардың 
алмасуы жүзеге асырады. 
Катаболизм екі жолмен жүреді. Амин қышқылдардың 
декарбоксильденуі кезінде биогенді аминдер , ал дезаминдену 
барысында азотсыз қалдықтар түзіледі. Азотсыз қалдықтар - 
алмастырылатын амин қышқылының, көмірсудың, липидтің
синтезіне жұмсалуы немесе үш карбон қышқылының цикліне өтуі 
мүмкін. 


211 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет