221
белок тұнбаға түседі. Ерітіндіде қалған билирубин Эрлих
реактивімен оң нәтиже көрсетеді. Яғни, ертінді қызғылт-күлгін
түске боялады, себебі, спирт немесе кофеин реактивін билирубин
адсорбцияланған белокты тұңбаға түсіреді. (5.3).[118].
(5.3).
Купфер клеткаларында түзілген
биливердин мен билирубин
гепатоциттерге түскеннен кейін өт жолдарына секрецияланады,
әрі қарай өт қабына өтеді. Биливердин өтке жасыл, ал билирубин
қызыл-қоңыр түс береді. Сондықтан
осы екі қосылыс өттің
пигменттері деп, - есептеледі. Өт құрамында биливердин мен
билирубин ішекке келеді. Өт жолдарында билирубиннен глюкурон
қышқылы бөлінеді және ішекке тікелей емес билирубин түрінде
түседі. Биливердин өзгеріссіз ішектің барлық бөлімдерінен өтіп,
нәжіс арқылы сыртқа шығарылады.
Биливердин нәжіске жасылдау
түс береді, сондықтан нәжістің пигменті деп аталады. [12].
Билирубин тотықсызданып, мезобилирубиногенге айналады,
соңғысының бір бөлігі қақпа венасы арқылы бауырға жетеді, сол
жерде ди- және монопиролға ыдырайды. Түзілген моно- және
дипиролдар бүйрек арқылы бөлінеді.
Уробилиногеннің қалған
бөлігі бірқатар аралық өнімдер арқылы, тоқ ішек бөлімінде
стеркобелинге тотықсызданады. Олар вена арқылы бауырды
айналып өтіп бүйрекке барады және зәрмен шығарылады.