224
дифференциальді диагностикалау үшін маңызы бар.
Гипербилирубинемияның клиникалық маңызы.
Гипербилирубинемия кезінде жалпы билирубиннің 80%-дан
астамы конъюгирленген билирубин болса,
бауыр билирубині деп
саналады, ал гипербилирубинемия кезінде егер жалпы билирубиннің
80%-дан астамы конъюгирленбеген болса,
гемолитикалық деп
есептеледі. [6].
Гемолитикалық сарғыштану.
Гемолитикалық
(бауырүсті
сарғыштану)
сарғыштану
гемолитикалық анемия, сепсис, сәулелі ауру,
қан тобы сәйкес
келмейтін қан құю, сульфаниламидтермен улану кезінде
эритроциттердің қарқынды гемолизге ұшырауынан дамиды.
Эритроциттер гемолизі күшеюінен РЭЖ клеткаларында тікелей
емес билирубиннің түзілуі қарқынды жүреді. Бауыр түзілген
барлық тікелей емес билирубинді тез арада жайғастыруға қабілетсіз
сондықтан, олар қанда және тіндерде жиналады.
Бауыр тікелей емес билирубинді
усыздандыруынан сол жерде
тікелей билирубин түзіледі. Билирубин жеткілікті ішекке түсуінен
көп мөлшерде стеркобилиноген түзіледі және ол зәр мен нәжіс
арқылы
бөлінеді, нәжістің түсі интенсивтірек болады.
Гемолитикалық сарғыштану белгілерінің сипаттамасы:
- Қанда тікелей емес және жалпы билирубин артады.
- Тікелей билирубин концентрациясы- қалыпты мөлшерде қалады.
- Зәрде билирубин болмайды және стеркобилиногенге жасалған
реакция
оң нәтиже береді, себебі ол көп мөлшерде бүйректен тоқ
ішекке түседі.
- Нәжісте стеркобилиногеннің мөлшері артады (түсі қара-қоңыр).
Достарыңызбен бөлісу: