Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет166/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Физиологиялық сарғыштану
- бауыр клеткаларының толық 
жетілмеуіне байланысты улы билирубиннің усыздануына қатысатын 
глюкуронилтрансфераза ферментінің жетіспеушілігі салдарынан 
қанда билирубин мөлшері артады.
Нәтижесінде 
транзиторлы 
сарғыштануы
 
жаңа 
туған 
нәрестелерде сарғыштану байқалады, қалыпты жағдайда 2–
тәуліктен бастап, біртіндеп азая бастайды, 2 аптада кетеді. 
Уақытынан ерте туылған нәрестелерде сарғыштану ұзақ сақталады. 
Сонымен қатар, олардағы FНв AНв-ге ауысуы баяу жүреді.
\Сарғыштану 
билирубинді 
усыздандыру 
ферменті 
глюкуронилтрансфераза жеткіліксіз мөлшерде түзілуі салдарынан 
пайда болады.
Емшектегі нәрестелердің тоқ ішегінде шірітетін бактериялар 
болмайды, сондықтан билирубин стеркобилинге айналмай, 
билирубин биливердин немесе оның тотығу өнімдері түрінде сыртқа 
шығарылады.
 
Мұндай жағдайда, балаларда нәжістің түсі биливердин 
және билирубиннің түсіне сәйкес келеді. 
Қан құрамында билирубиннің көп мөлшерде сақталуы 
нәрестенің дамып келе жатқан миына өте қауіпті. Себебі, тікелей 
емес билирубин уландырады.
 
Нәрестелерде тырысу-құрысу пайда болады немесе жүйке 
жүйесі қайтымсыз өзгеріске ұшырайды.
Ересек адамдардың ми клеткаларына билирубин өте алмайды.
Әдетте, гипербилирубинемия кезінде асқыну байқалмайды,
биливердин нәжіс массасымен шығарылады. 
Пигменттер алмасуының бұзылыстары дисбактериоз кезінде 
орын алады, себебі, ұзақ уақыт антибиотиктермен емдегенде 
қалыпты микрофлора басылады. Мұндай жағдайда, билирубин
немесе биливердин нәжіс массасымен шығарылады. 
Резус қақтығыстық сарғыштану
– жас нәрестелерде өте 
қауіпті, себебі, тікелей емес билирубин улы болғандықтан ми 
жұмысының қайтымсыз бұзылысына алып келуі мүмкін. 
Жаңа 
туған 
нәрестелерде 
ішек 
микрофлорасы 
жоқ 
болғандықтан билирубин стеркобилиногенге айналмай, кейде 


227 
биливердин түрінде шығарылады, осыған байланысты нәрестелер 
нәжісінің түсі көк-жасыл болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет