Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Паренхиматозды сарғыштану



Pdf көрінісі
бет165/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Паренхиматозды сарғыштану.
Паренхиматозды сарғыштану (бауырлық сарғыштану) - өткір 
вирусты инфекция, созылмалы және токсикалық гепатитте, 
гепатоциттердің зақымдануы салдарынан пайда болады. 
Билирубин концентрациясының жоғарылау себебі - бірқатар 
бауыр клеткаларының некрозға ұшырауы және бауыр қызметінің 
бұзылуы салдарынан болады. Биохимиялық бұзылыстары: 
Гепатоциттердің некрозға ұшырауы
 
салдарынан тікелей 
билирубиннің біразы қанға түседі және онда билирубиннің 
концентрациясы артады. Тікелей билирубин суда жақсы ериді 
сондықтан зәрмен шығарылады. 


225 
Өттің бөлінуі бұзылады, ішекке билирубин қалыпты жағдайдан 
аз бөлінеді, сондықтан тоқ ішекте түзілетін стеркобилиноген 
мөлшері төмендейді, нәжіс әлсіз боялған. 
Гепатиттің 
асқынуы 
кезінде 
бауырда 
билирубиннің
конъюгациялану процесі бұзылады, соның салдарынан қанда 
тікелей емес билирубин жиналады. Қақпа венасы арқылы бауырға 
баратын уробилиногеннің ыдырау процесі бұзылады. Ол жалпы қан 
айналымына өтеді және зәрмен экскрецияланады (қалыпты 
жағдайда зәрде болмайды). 
Паренхиматозды сарғыштануға тән белгілер: 
- қанда тікелей және тікелей емес билирубин жоғарылайды; 
- зәрде билирубин мен уробилиногенге сапалық реакция оң нәтиже 
көрсетеді, қанық боялады; 
- нәжісте стеркобилиноген мөлшері төмендейді, әлсіз боялады
Механикалық сарғыштану 
- обтурациялық (бауырасты) 
сарғыштану деп аталады. Механикалық сарғыштану он екі елі 
ішекке өт бөлінуі бұзылуынан дамиды.
Өт жолдарының толығымен немесе жартылай бітелуі негізгі 
себептердің бірі болып табылады, мысалы, өттас ауруында ұйқы 
безінің, өт қабының, бауырдың ісіктерінде орын алады. 
Конъюгирленген 
билирубиннің 
қалыпты 
экскрециялану 
жолдары бітеліп қалғанда ол қанға түседі. Қанда тікелей билирубин 
мөлшері артады, ол зәрмен шығарылады, зәрдің түсі қанық қызғылт-
қоңыр түсті болады. Жалпы өт жолы толық бітелгенде өт ішекке
түспейді, стеркобилиноген түзілмейді. Нәжіс түссіз және зәрде 
уробилиноген кездеспейді. 
Механикалық сарғыштануға тән белгілер: 
- қанда тікелей және жалпы билирубин жоғарылайды;
Механикалық 
сарғыштанудың ауыр түрінде бауырдың 
усыздандыру қызметі нашарлауы мүмкін және қанда тікелей емес 
билирубиннің деңгейі көтеріледі. Дегенмен, қанда тікелей емес 
билирубинге қарағанда тікелей билирубин әрдайым көбірек болады. 
- зәрде билирубинге сапалық реакция оң нәтиже көрсетеді, 
уробилиноген болмайды, бояуы қанық; 
- нәжісте стеркобилин бірден азайған немесе тіпті кездеспейді 
нәжіс түссізденген; 
Обтурациялық және паренхиматозды сарғыштанулардың
байқалуы өте ұқсас келеді. 


226 
Дифференциальді диагностика үшін өлшем ретінде зәрде 
уробилиногеннің болуы (паренхиматозды сарғыштануда) және қанда 
тікелей билирубиннің бірден артуы (обтурациялық сарғыштануда) 
дұрыс дәлел бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет