транзиторлы гипербилирубинемия деп аталады.
Ем қонбайтын билирубинемия салдарынан билирубинді
энцефалопатия дамиды және өлімге ұшыратады.
Сарғыштанудың дифференциалды диагностикасы. Тәжірибе көрсеткендей сарғыштанудың бір түрі « таза»
түрінде кездеспейді, әдетте бір немесе басқа түрлерімен
комбинациясы байқалуы мүмкін.
Мысалы, гемолитикалық сарғыштану барысында тікелей емес
билирубин концентрациясы артуынан сөзсіз әр түрлі органдар,
әсіресе бауыр зардап шегеді, нәтижесінде паренхиматозды
сарғыштанудың элементтері байқалады, яғни қан құрамында
және зәрде тікелей билирубин жоғарылайды. Паренхиматозды
сарғыштану механикалық сарғыштанудың элементтерін қоса
көрсетеді. Бауыр асты – механикалық сарғыштану кезінде, мысалы
ұйқы безі бас жағының қатерлі ісігі кезінде гемолиздің
жоғарылауы, сөзсіз қатерлі ісіктен интоксикация болып
жатқандығын аңғартады. Қанда тікелей және тікелей емес
билирубин мөлшері артады.
Мұндай жағдайда олардың концентрациясын жеке анықтаған
дұрыс болады. Қан плазмасында билирубиннің мөлшері 100
млМоль/л –ден көп болса және басқа да тесттер бауыр қызметінің
қалыпты екендігін анықтаса, жалпы концентрацияның
жоғарылауы тікелей емес билирубиннің үлесінен деп тұжырым
жасалады. Дәлел толық болу үшін, зәрге анализ жасау керек, себебі
қан плазмасында тікелей емес билирубин жоғарылағанда зәрдің
құрамында тікелей билирубин кездеспейді.
Сарғыштанудың дифференциалды диагностикасын жасағанда,
зәрдегі уробилиногеннің мөлшері есепке алған дұры.
Қалыпты жағдайда тәулігіне организмнен зәр арқылы 4 мг-дай
уробилиноген бөлінеді. Осы көрсеткіштің жоғарылауы бауыр
қызметі жетіспеушілігінің дәлелі бола алады.
Мұндай жағдай бауырға тәуелді немесе гемолитикалық
сарғыштану кезінде байқалады. Зәрде уробилиногенге қоса тікелей
билирубиннің кездесуі бауырдың зақымдануы мен өттің ішекке
ағып түсуінің бұзылғандығын көрсетеді.