Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Белоктың қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет176/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Белоктың қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары. 
 
Қорытылу мен сіңірілу бұзылыстарының синдромдары негізінде
туа біткен немесе жүре пайда болған энзимопатиялар, ұзақ уақыт 
әрдайым, шамадан тыс тамақтанудың салдары пептидазалардың 
дефицитіне әкеледі. [19].
Клиникалық байқалуы: диарея, сулы – тұзды алмасуының
бұзылуы (терінің құрғап кетуі, гипокалиемия, гипонатриемия, 
гипокальциемия), 
гиповитаминоз, 
гипотротеинемия, 
дене 
массасының азаюы байқалады. Мұндай кезде белоктардың толық 
қорытылмаған өнімдері - олигопептидтер сіңірілуі мүмкін, олар 
аллергиялық реакциялардың дамуына әкеледі. Өткір панкреатит – 
ұйқы безінің қабынуға және некрозға ұшырауына әкекледі. Бұның 
негізінде претрипсиннің мерзмінен бұрын активтенуі жатыр. 
Претипсин ішек қуысынга түскеннен кейін емес, ұйқы безінің 
өзінде активтенеді. Бұл өзін- өзі қорытуға, некрозға әкеледі. 
Клиникалық байқалуы: эпигастрииде қатты белдеулік сипаттағы
ауырсыну болады. Қан қысымы бірден төмендеп, коллапсқа жетуі 
мүмкін.
 
Ұйқы 
безінің 
зақымдануы 
салдарынан, 
ішекке
ферментердің аз түсуінен, белоктар, көмірсулар және липидтердің
қорытылуы бұзылады. Бір мезгілде, қанда понкреатикалық
ферменттердің активтілігі жоғарылайды, бұл диагностикалық тест 
ретінде қолданылады. Панкреатит кезінде қан құрамында амилаза 
мен липазаның, ал несеп құрамында амилазаның активтілігі 
жоғарылайды. [19]. 
 
Белок алмасу бұзылыстарының белгілері – 
организмде белок 
мөлшерінің шектен тыс көбейіп кетуінен туындайды. Дұрыс 
тамақтанбағанда және тек белок тағамдарды пайдаланғанда аурудың 
белгілері көріне бастайды: тәбеттің төмендеуі; бүйрек жетіспеушілік 
дамиды; тұз шөгінділерінің пайда болуы; нәжістің бұзылуы 


241 
байқалады. Белоктың артық мөлшерде болуы подаграға және 
семіздікке әкеледі. Подагра: ет тағамдарды шарап пен сыраны 
қосып пайдаланғанда туындайды. Подаграның белгілері:
майда буын аймағында ісіну мен қызарудың пайда болуы; 
гипертермия 39 С
⸰ 
; подагралық подлартрит; подагралық түйіндердің 
шығанақ, табан, құлақ және саусақтарда пайда болуы; 
Семірудің белгілері: жиі ентігу; дене салмағының едәір артуы; 
сүйектің сыңғыштығы; гипертензия (тамырларда гидростатикалық 
қысымның жоғарылауы байқалған жағдайда белок тағамдарды 
пайдалануды азайтып, таза суды көбірек ішкен дұрыс. [37]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет