Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Белоктар алмасуының соңғы өнімдері, бөлінуі



Pdf көрінісі
бет177/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

5.5. Белоктар алмасуының соңғы өнімдері, бөлінуі. 
Белок алмасуының соңғы өнімдері: көмір қышқыл газы (СО
2
)
аминқышқылдарының 
декарбоксилденуі 
кезінде 
және 
амин 
қышқылдарының азотсыз қалдықтары үшкарбон қышқылының 
циклінда ыдырағанда бөлінеді. Су (Н
2
О) биологиялық тотығу 
тізбегінде түзіледі. Сонымен қатар, белок ыдырауының соңғы 
өнімдері аммоний тұздары- аммиакты нейтралдау кезінде, бүйректе 
түзіледі, мочевина- бауырда NH
3
-н синтезделеді, зәр қышқылдары-
пуриндік және пиримидиндік негіздердің ыдырау өнімдері болып 
табылады. Гем ыдырауының соңғы өнімдері тікелей билирубин
гидролизденеді, сонан соң тотықсызданып мезобилиногенге 
айналады, оның біразы дипирролдарға ыдырайды және зәрмен 
бөлінеді. 
Уробилиногеннің 
бір 
бөлігі 
тотықсызданып 
стеркобилиноген түрінде нәжіспен шығарылады. Су және онда еріген 
заттар бүйрек арқылы зәрмен шығарылады. Көмір қышқыл газы 
ауамен өкпе арқылы бөлінеді. 
Креатинин переэтирификация қайталана бергенде, бұлшық 
етте креатинфосфаттың бір бөлігі дефосфорланып, креатининге
айналады. Креатинин белок алмасудың соңғы өнімі ретінде
организмнен зәр арқылы шығарылады.
Тоқ ішектің микрофлорасы ферментерінің қатысуымен
аминқышқылдар декарбоксильденіп, сәйкес аминдер: орнитин, 
путрецин, кадаверин түзіледі. 
Циклді аминқышқылдары тирозин және триптофанның бүйір 
тізбектері тотығуынан түзілген: крезол, фенол, скатол, индол 
бауырда усыздандырылып зәр арқылы шығарылады
 
 


242 

Қорытынды 
Гликопротеидтер
 
күрделі, белоктардың үлкен тобын құрайды. 
Құрамындағы көмірсу компоненттерінің пайыздық мөлшері ( 10-
20%) нағыз гликопротеидтер, ал (80 %) гликозаминогликандар 
немесе протеогликандар деп аталады. 
ГП-р адам организмінде алуан түрлі қызметтер атқарады және 
белоктардың барлық кластарының құрамында кездеседі.
(коллаген, 
эластин, 
иммуноглобулиндер, 
ангиотензиноген,
трансферрин, церулоплазмин, Каслдың ішкі факторы, тиреотропты 
гормонда). ГАГ-р клеткааралық матрикстің негізгі компоненттері.
Клетканың және органдардың формасын сақтап тұрады және олар 
өздерінің физико-химиялық қасиеттерінің арқасында организмде өте 
маңызды қызметтер атқарады. 
Хромопротеидтер өте маңызды
 
биологиялық қызметтер 
атқарады. Олар фотосинтез, клетканың және бүкіл организмнің
тыныс алуы, оттегі, көмірқышқыл газды тасымалдау, тотығу-
тотықсыздану реакциялары, жарықты және түстерді қабылдау
сияқты тіршіліктің ерекше маңызды фундаментальды процестеріне
қатысады. Осылайша ХП-р өмірлік процестерде шешуші рөл 
атқарады. ХП-р күн сәулесі энергиясын жасыл өсімдіктерге 
сіңіруде, оларды адам мен жануарлар организмінде кәдеге 
жаратуда,энергияны сақтауда, таптырмас, белсенді орындаушылар. 
Нуклеопротеидтер - маңыздылығы жағынан теңдесі жок,
клетканың ерекше компоненттері болып табылады., себебі олар 
клеткадағы басқа полимерлерге тән емес, бірқатар өте маңызды
биологиялық қызметтерді атқарады. Нуклеин қышқылдары (НҚ)
тұқым қуалайтын ақпараттың сақталуын және ұрпақтан - ұрпаққа
берілуін қамтамасыз етеді. Келесі ұрпаққа берілетін барлық 
клеткалық белоктардың биосинтезін бағдарламалау арқылы, осы
ақпараттың орындалу механизмдеріне тікелей қатысады.
Сонымен 
қатар, 
НҚ-рының 
құрылымдық 
бірліктері 
коферменттер 
синтезінде 
кофакторлардың 
аллостерикалық
эффекторлары қызметін атқарады. 
Осылайша, нуклеин қышқылдары генетикалық ақпаратты 
сақтау мен ұрпақтан- ұрпаққа жеткізумен қатар, тікелей зат алмасу 
процесінің қалыпты жүруіне, энергияның трансформациялануына 
және аккумулирленуі мен тасымалдануына қатысады. 


243 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет