248
Сонымен қатар,
түзілген НАДФН бірқатар биосинтез
(холестерол, май қышқылдары т.б)
және де клетканы бос
радикалдардың
зақымдауынан
қорғайтын
антиоксидантты
реакцияларда пайдаланылады.
5. Глюкоза-6-фосфатқа тән арнайы жолдары реакциялары
арқылы глюкозадан пируватқа одан әрі қарай катаболизмнің ортақ
жолы реакцияларына түсуі мүмкін. [17].
Келесі маңызды ауысу нүктесі пируват болып табылады, оның
метаболизмі мына жолдармен жүреді:
1. Пируваттың карбоксильдену реакциялары оксалоцетаттың
(қымыздық сірке қышқылы) түзілуіне әкеледі.
2. Пируваттың
тотығудан
декарбоксильдену
реакциялары
ацетил-КоА түзілуін қамтамасыз етеді.
3. Аланинаминотрансферазаның(АлАТ) катализдеуі мен жүретін
реакция нәтижесінде пируваттан аланин түзіледі.
4. Глюконеогенздің
айналып
өтетін
жолының
бірінші
ферментативті реакциялар комплексі пируваттан басталады және ол
фосфоэнолпируваттың
түзілуіне
әкеледі.(пируваткиназа
реакциясының кері өзгеруі). [19].
Ацетил-КоА-ның алмасудың ең маңызды нүктесі болып табылады:
1. Пируват
(көмірсудан), май қышқылы (в-тотығу) және
кетогенді аминқышқылы мен глицеролдан ацетил-КоА түзіледі.
2. Оксалоацетатпен
конденсацияланған ацетил-КоА үш
қышқылдарының айналымына түседі, онда ацетил тобы толық
«жанады»
митохондриальды
протондар
мен
электрондарды
тасымалдау тізбегін сутегі атомдарымен
қамтамасыз етеді сонымен
қатар СО
2
бөледі.
3.
Ацетил-КоА карбоксильденетін малонил-КоА-ға әрі қарай
май қышқылдарына айналуы мүмкін.
4.
Ацетил-КоА үш молекуласы конференцияланғанда ГМГ-КоА
түзіледі, содан соң кетон денелері немесе мевалонат-КоА арқылы
холестериннің синтезіне жұмсалуы мүмкін. [20].
Үш
карбон қышқылы циклі метаболиттерінің басым
көпшілігіy344 алмасу түйіндері болып табылады, себебі бұл цикл
катаболизмнің үшінші сатысы және анаболизмнің 1-ші сатысы болып
есептеледі. 2-оксоглутарат (α-кетоглутар қышқылы) ерекше маңызды
метаболит болып табылады. 2-оксоглутараттың тотықсыздануыдан
аминденуі кезінде глутамат түзіледі.
Глутаматтың тотығудан
дезаминденуі (глутаматдегидрогеназа ферменті) 2-оксоглутараттың
249
түзілуіне әкеледі. Егер глутаматтың трансаминдену реакцияларында
әртүрлі аминқышқылдарынан амин топтарын жинайтыны ескерілсе,
онда 2-оксоглутараттың рөлі туралы айтуға болады. 2-оксоглутарат
катаболизмнің
ортақ
жолы
жүйесіндегі
триггер
ретінде-
аминқышқылдардың қоры деп айтуға болады. Оксалоацетат
(қымыздық сірке қышқылы) пируватты карбоксильдегенде немесе
аспартатты трансаминдеу арқылы алуға болады. Бұл қосылыс үш
карбонқышқылының цикліне ацетил-КоА-ны қосу үшін немесе
глюконеогеез реакцияларындағы трансфермациялау үшін қажет.
Әдетте ауысу нүктелерінде метаболиттердің айналуын катализдейтін
ферменттер реттеушілер болып табылады. Олардың активтіліктерді
аллостерикалық (егер ферменттің аллостерикалық орталығы болса)
преактивация әдістерімен немесе ретроингибирлеу,
химиялық
модификациялау (жиі фосфорлау-дефосфорлау, гормондармен және
биорегуляторлар арқылы реттеуге болады. Бұдан басқа ферменттер
мөлшерінің
өзгеруі
мүмкін
(мысалы,
глюкокортикоид
глюконеогенездің негізгі ферментінің биосинтезін стимульдейді).
Қозғалысты қамтамасыз ететін әртүрлі метаболикалық процестер,
трансмембранды тасымалдану және биосинтез, энергия көздерін
қажет етеді. [34].
ГТФ жиі белокар биосинтезіне
ЦТФ-липидтердің және УТФ-
көмірсулардың синтезіне пайдаланылатындығы бұрыннан белгілі.
Десекте, АТФ универсалды энергия көзі және энергияның
аккумляторы болып табылады. Көптеген биосинтез процестеріне
тотықсыздандырғыш ретінде НАДФН пайдаланылады.
Барлық метоболикалық мүшелер үшін жалпы ортақ соңғы жол
үш карбон қышқылының циклі немесе лимон қышқылының циклі
және электрондар мен протондарды тасмалдау тізбектерінің
реакциялары болып табылыды. [27].
Митохондрияда жүретін бұл процестер әртүрлі деңгейлерде
бірқатар метоболикалық реакцияларды үйлестіру үшін қолданылады.
Үш карбон қышқылының циклі клеткадағы
көмір қышқыл газының
негізгі көзі болып табылады. Бұл СО
2
май қышқылдарының
синтезіне, глюконеогенезді бастайтын карбоксильдену реакциясына
қажет, сонымен қатар СО
2
мочевинаны кейбір пуриндік және
пиримидиндік негіздер сақиналарын көміртегімен қамтамасыз етеді.
Көмірсулармен азот алмасу процестерінің арасындағы байланыс
ҮКҚЦ-ің аралық өнімдерімен де жүзеге асады (2-оксоглутарат-
глутамат, оксалоацетат-аспартат). Аспартаттың метоболикалық
250
реакция тізбегіне қатысуы
цитруллиннен аргининге дейін,
фумараттың түзілуін қамтамасыз етуде тінмен байланысты ҮКҚЦ
арасындағы фумараттан оксалоацетатқа дейін (2.5 АТФ өнімі) және
мочевина циклінде пайдаланылатын АТФ молекуласы мочевинаның
бір молекуласын синтездеуге жұмсалады. [28].
Достарыңызбен бөлісу: