Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Ферменттер мөлшері, мен активтілігінің реттелуі



Pdf көрінісі
бет185/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Ферменттер мөлшері, мен активтілігінің реттелуі
.
 
Кез-келген фермент концентрациясы оның синтезделуі және 
ыдырауы жылдамдығының қатынасымен анықталады. 
Ферменттердің белоктардыы синтездеу жылдамдығы басқа 
белоктардың синтезін реттеуші орталық механизмдердің көмегімен
реттеледі. Реттеуші факторлардың әсері репрессия немесе
фермент синтезінің индукциясы түрінде интегральді байқалуы 
мүмкін. [12].
Аталған механизм метаболизм реттелуінің баяу типіне жатады.
Фермент активтілігінің реттелуі
-
бұл метаболизм реттелуінің 
алуан түрлі әдістерінің бірі болып табылады және әртүрлі 
факторлар және эффекторлардың әсері арқылы орындалады.
Метаболизм жолдарының аллостерикалық реттелуі. 
Аллостерикалық реттеушілер екі типте кездеседі: 
1. Біртіндеп жүретін реакция тізбегінің соңғы өнімдері,
өзінің синтезін кері байланыс принципі арқылы реттейді. 


255 
2. АТФ, АДФ, АМФ, НАД
+
және НАДН+Н
+
. Бұл қосылыстар 
өздерін түзетін метаболизм жолдарының соңғы өнімідері болмаса 
да, сол процестердің жүру барысында түзіледі және ағымдағы 
жылдамдыққа реттеуші әсерін тигізеді. [25]. 
АТФ 
биополимерлердің 
синтезделу 
бағытында 
және 
энергияның аккумуляциясында ферменттердің активаторы 
қызметін атқарады және катаболизм реакцияларының ингибиторы 
болып табылады. АДФ, кейде АМФ-те катаболизм жолдарының 
белсенділігін арттыру арқылы олардың АТФ-ке айналуын
қамтамасыз етеді, сонымен қатар АТФ-ің жұмсалуымен жүретін
анаболизм процестерін ингибирлеп, кері рөл атқарады, оларды АТФ-
ке айналдыратын катоболизм жолдарын активтейді, клеткада 
жетіспей тұрған АТФ-ті жұмсау арқылы жүретін анаболизм 
процестерін ингибирлейді. НАД
+
осы мағынада, өзін АМФ сияқты 
әрекет етеді , ал НАДН+Н
+
АТФ-пен бірдей дәрежеде әрекет етеді. 
Ережеге сай аллостерикалық ферменттер мультиферментті 
комплекстердің құрамында, рет-ретімен жүретін реакциялардың
арасынан, бүкіл процестің жылдамдығын лимидтейтін реакцияны
катализдейді және бұл реакция қайтымсыз жүреді. [12]. 
Кейбір 
жағдайда 
бір 
метаболитикалық 
жолдың 
аллостерикалық ферментіне спецификалы басқа бір процестің
соңғы немесе аралық өнімдері әсер етеді. Осының арқасында белгілі 
бір 
процесті 
қамтамасыз 
етуге 
бағытталған 
әртүрлі 
метаболитикалық жолдардың тиісті координациясы қажетті 
деңгейде орындалады. 
Мысалы, 
бұлшық еттің жиырылуында, оны қажетті 
энергиямен қамтамасыз ету үшін АТФ-ң жұмсалу жылдамдығы 
артады. Бұл кезде АТФ деңгейінің төмендеуіне сәйкес 
компенсаторлы реттеуші механизмдердің көмегімен гликолиздің 
жылдамдығы артады. Гликолиздің активтенуі нәтижесінде ҮКҚЦ-ң 
субстраты болып табылатын Ацетил-КоА-ң түзілу жылдамдығы 
жоғарылайды. ҮКҚЦ-ның активтенуі НАДН+Н
+
-ң көп мөлшерде 
түзілуімен ұласады, бұл тіндік тыныс алу тізбегінің активтілігі
күшейеді, АТФ синтезі артады. . Сондықтан АТФ мөлшері көбейеді, 
нәтижесінде бұлшық еттің жиырылуы бәсеңсиді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет