257
Белгілі бір перифериялық жүйкелерде NO нейротрансмиттер болуы
мүмкін. Мочевина циклінің көптеген интермедиаттары тіндерінде
кездесетіндігі бұрыннан белгілі. Бірақ, карбомоилфосфат пен
орнитиннен цитрулинді синтездейтін орнитинтранскарбомилаза
ферменті ми тіндерінде болмайды. Яғни, мидағы цитрулмин NO-
синтазды реакциялардың өнімі болып табылады.
Суда еритін дәрумендер азот оксидінің сигналдық және
токсикалық әсерлерін модуляциялайды. [36].
Тиаминнің тиолды түрі және рибофлавиннің лейко-формасы
азот оксидін S- нитрозолглутатион құрамынан, сонымен қатар S-
нитрозолальбумин мен S- нитрозогемоглобиннен босатуға қабілетті
екендігі көрсетілген.
Тиамин,
әсіресе
оның
гидрофобты
туындылары
және
оксодигидротиохром тосқауыл қоя отыра, олардың токсикалық
гемопротеиндерінің оксоферрильді формасын жояды. Олар тотығу
стрестерінен қорғаушы рөл атқарады, сонымен қатар тирозиннің NO-
тәуелді, нитрлену мен дитирозиннің түзілуін және тирозин - тирозин
белок аралық тігістердің түзілу реакцияларын ингибирлейді.
Сонымен қатар тамырлар мен нейрондарды қорғайды. [36].
Қан сарысуы
альбумині құрамындағы динитрозин және
нитротирозиннің деңгейі тотығудың және нитрозил, стресінің
ұзақмерзімды маркёрі болып табылады. Осы бөлімді тұжырымдай
келе тағы бір қорытынды жасауға болады: организмнің ішкі
ортасындағы газдар байланыстырушы, интеграциялаушы агенттер
ретінде әрекет ете алады
Осылайша CO
2
мен О
2
-ң эритроциттермен қан плазмасы арқылы
бүкіл организмге тасымалдануы тіндерде тотығу процестерінің
(аэробты, анаэробты) бірін қамтамасыз етеді. [34].
Клеткалық деңгейде NO ақпараттық және триггерлік рөл
атқарады. Клетка ішінде СО
2
биотинмен бірлесіп, бірқатар маңызды
зат алмасу процестерінің (мочевина, май қышқылдары, нуклеотидтер
азотты негіздердің синтезі) жүруін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: