Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


NO, эндотелийдің босаңсу факторы ретіндегі рөлі



Pdf көрінісі
бет186/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

6.4. NO, эндотелийдің босаңсу факторы ретіндегі рөлі
Маңызды фактілер вазодилататорлар (мысалы, ацетилхолин, 
брадикинин) қан тамырлары қабырғаларындағы тегіс бұлшықеттерді 


256 
босаңсыту арқылы әсер етеді. Дегенмен, олар тікелей бұлшықет 
клеткаларына әсер етпейді. 
Вазодилататорлар 
алдымен майда қан тамырларындағы 
рецепторлар арқылы эндотелий клеткаларымен әрекеттеседі. 
Сонансоң 
цитозольге 
кальций 
иондарын әкелу 
үшін
фосфатидилинозитолды механизмдерімен байланысады. (инозитол -
3- 
фосфаттың 
әсері). Клетка 
ішіндегі 
кальций 
иондары 
концентрациясының жоғарылауы цГМФ-тің деңгейін арттыратын 
цитозольдік гуанилатциклазаны активтендіреді және бұлшықет 
клеткаларына 
диффундирленеді. 
Эндотелийді 
қоздырушы 
факторлардың (ЭҚФ) босап шығуын стимульдейді. 
Клетка ішіндегі кальций иондары концентрациясының артуы 
ЭҚФ-ың босап шығуымен қатар жүреді, соңғысы бұлшықет 
клеткасына диффундирленіп, цитозольдегі гуанилатциклазаны 
активтейді, ол өз кезегінде цГМФ-ң деңгейін жоғарылатады. Бұл 
клетка ішілік делдал, бірқатар цГМФ тәуелді протеинкиназалардың 
активтілігін стимульдейді. Олар релаксацияға жауапты арнайы 
бұлшықет белоктарын фосфорлайды, стенокордия кезінде коронарлы 
тамырларды кеңейтетін, белгілі коронарлы вазодилататорлар – 
глицеролтринитрат ЭҚФ-тің клетка ішіндегі мөлшерін арттырады. 
ЭҚФ - бұл газ 
NO (азот оксиді)
болып табылады. [34]. 
Эндотелий клеткаларының цитозолінде кальций иондарымен 
активтенген NO- синтазалардың әсерінен NO түзіледі.
Аргинин 
→ цитрулмин + NO. Глицеролтринитратты 
(нитроглицерин) енгізген кезде реакция тізбегінде NO түзіледі: 
глицеролтринитрат → нитрат → нитрит → NO. NO қысқа өмір 
сүретін зат, оның жартылай өмір сүру ұзақтығы шамамен 4 секунд 
(супероксидті радикалмен және оттегімен әрекеттеседі). Оның 
активтілігі гемоглобин мен басқада NO – берік байланыстын 
белоктармен тежеледі. Азот оксиді синтазасы ингибиторларын 
еккенде айқын вазоконстрикторлы әсер береді қан айналымын 
реттеуде маңызды рөл атқарады. Қосымша, цГМФ синтезін күшейту 
арқылы, ол тромбоциттердің агрегациясы мен артезиялануының 
ингибаторы сияқты әсер етеді. NO жүйке жүйесінің маңызды 
мессенджері болып табылады. NO глутаматергиялық синапстарға 
қатысып, синаптикалық берілуден кейін диффундирленеді және 
көрші құрылымдарда ( пресинаптикалық терминалдар,
астроциттердің өсінділері) цГМФ-тің деңгейін жоғарылатады. 


257 
Белгілі бір перифериялық жүйкелерде NO нейротрансмиттер болуы 
мүмкін. Мочевина циклінің көптеген интермедиаттары тіндерінде 
кездесетіндігі бұрыннан белгілі. Бірақ, карбомоилфосфат пен 
орнитиннен цитрулинді синтездейтін орнитинтранскарбомилаза 
ферменті ми тіндерінде болмайды. Яғни, мидағы цитрулмин NO-
синтазды реакциялардың өнімі болып табылады. 
Суда еритін дәрумендер азот оксидінің сигналдық және 
токсикалық әсерлерін модуляциялайды. [36]. 
Тиаминнің тиолды түрі және рибофлавиннің лейко-формасы
азот оксидін S- нитрозолглутатион құрамынан, сонымен қатар S- 
нитрозолальбумин мен S- нитрозогемоглобиннен босатуға қабілетті 
екендігі көрсетілген.
Тиамин, 
әсіресе 
оның 
гидрофобты 
туындылары 
және 
оксодигидротиохром тосқауыл қоя отыра, олардың токсикалық 
гемопротеиндерінің оксоферрильді формасын жояды. Олар тотығу 
стрестерінен қорғаушы рөл атқарады, сонымен қатар тирозиннің NO- 
тәуелді, нитрлену мен дитирозиннің түзілуін және тирозин - тирозин 
белок аралық тігістердің түзілу реакцияларын ингибирлейді. 
Сонымен қатар тамырлар мен нейрондарды қорғайды. [36]. 
Қан сарысуы 
альбумині құрамындағы динитрозин және 
нитротирозиннің деңгейі тотығудың және нитрозил, стресінің 
ұзақмерзімды маркёрі болып табылады. Осы бөлімді тұжырымдай 
келе тағы бір қорытынды жасауға болады: организмнің ішкі 
ортасындағы газдар байланыстырушы, интеграциялаушы агенттер 
ретінде әрекет ете алады 
Осылайша CO
2
мен О
2
-ң эритроциттермен қан плазмасы арқылы 
бүкіл организмге тасымалдануы тіндерде тотығу процестерінің 
(аэробты, анаэробты) бірін қамтамасыз етеді. [34]. 
Клеткалық деңгейде NO ақпараттық және триггерлік рөл 
атқарады. Клетка ішінде СО
2
биотинмен бірлесіп, бірқатар маңызды 
зат алмасу процестерінің (мочевина, май қышқылдары, нуклеотидтер 
азотты негіздердің синтезі) жүруін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет