Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Метаболизм жолдарының реттелуі



Pdf көрінісі
бет184/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

6.3. Метаболизм жолдарының реттелуі
 
Организм қалыпты жұмыс істеу үшін анаболизм және
катаболизмжолдарында метаболиттер қозғалысы дұрыс реттелуі 
қажет. Ағзада жүріп жатқан барлық химиялық процестер қоршаған 
орта жағдайында біртұтас организм талабына сәйкес келетін
жылдамдықпен жүруі тиіс.
Клетка, орган немесе бүкіл организмде жүретін.
АТФ генерациясы, макромолекулалар синтезі, тасымалдану, 
секрециялану, реабсорбция т.б. процестер қоршаған ортаның 
өзгерістерін өте үлкен сезімталдықпен қабылдауы қажет. 
Клеткадағы метаболизм максимальді экономия принципіне 
негізделген. Клетка әрдайым өзінің энергетикалық қажеттіліктерін
қамтамасыз етуде қанағаттандыра алатын қоректік заттардың
қажетті мөлшерін ғана пайдаланады. Осылайша метаболизмнің 
жоғары дәрежеде ұйымдасуы және координациялануы реттеуші 
механизмдердің көмегімен орындалады. Бұл механизмдер мейлінше 
алуан 
түрлі 
метаболизмді 
реттеудің 
бірнеше 
деңгейін:
молекулярлы, клеткалық, тіндік, организмдік 
деп
 
бөлінеді. [29]. 
Реттеуші әсердің мәреге жету уақытына қарай: ( бірнеше 
секунд немесе минуттық әсері бар)
жылдам реттелу
және 
(тәуліктік, сағат әсері бар)
баяу реттелу
деп екі түрге бөледі. 
Метаболизмнің реттелу жолдары, олар: 
1. Мембрана деңгейіндегі реттелу. 
2. Циклді нуклеотид, екіншілік мессенджерлермен реттелуі. 
3. Ферменттің мөлшері мен активтілігін өзгерту арқылы реттеу. 
4. Гормондар арқылы реттелу жатады. Мембрана деңгейінде 
реттелу бірнеше механизмдердің қатысуымен жүзеге асады. 
1-шіден, бұл әртүрлі метаболиттер мен иондар үшін таңдамалы 
өткізгіштіктің болуы. 
2-шіден мембрана рецепторларының көмегімен гормондарды 
фиксациялауға қабілетті болуы, 
3-шіден, мембрананың ферментативті активтілігі, мембрана 
деңгейінде субстраттар мен коферменттердің қолжетімді болуы, 
реакция өнімдерінің бөлініп шығарылуы сияқты реттеуші
факторлармен жүзеге асады. Мембрана деңгейінде субстраттар 
мен коферменттердің жеткілікті болуы және реакция өнімдерінің 
клеткадан шығарылуы сияқты реттеуші факторлар орындалады. 


254 
Циклді нуклеотидтер және басқа екіншілік медиаторлар бір 
топ гормондардың әсерлерін іс жүзіне асырады, мысалы
катоболизм ортақ жолының метаболиттерінен глюконеогенез 
арқылы, глюкозаның синтезделуін глюкостероидты гормондар 
стимульдейді, ал керісінше, басқа тіндердің барлығында белок 
( бауырды есепке алмағанда ), биосинтезін тежейді, нәтижесінде
қан құрамында аминқышқылдарының мөлшері артады. Олар қан 
арқылы бауырға барады, онда глюконеогенезге жұмсалады. 
Бүйрек үсті безінің, қыртысты қабатының гормондары 
глюкокортикостероидтар - бауырда глюконеогенез процесі 
реакцияларын катализдейтін ферменттердің синтезін күшейтеді, 
сондықтан глюконеогенездің жылдамдығы артады. 
Инсулин бірден-бір анаболикалық гормон ретінде клеткаға 
субстраттардың қажетті молшерінің мембрана арқылы өтуін 
қамтамасыз ете отыра, бауырда және бұлшықетте глюкозадан 
гликогеннің, амин қышқылдарынан белоктардың синтезделуін, 
сонымен қатар бауыр мен май тіндерінде глюкозадан липидтердің 
синтезделуін стимульдейді, осының арқасында қан құрамында 
глюкозаның мөлшері қалыпты деңгейде ұсталып тұрады. 
Белок, липид және көмірсу алмасуы гипоталамустың гормоны-
соматостатин, гипофиздің гормоны (СТГ), қалқанша безінің 
гормоны- тироксин және жыныс гормондарының қатысуымен де, 
реттеледі. [38]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет