Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Энергетикалық алмасу деңгейінде –



Pdf көрінісі
бет181/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Энергетикалық алмасу деңгейінде – 
катаболизмнің жалпы 
ортақ жолы үшін НАДН
2
және аденильлді нуклеотидтері ерекше 
маңызды болып табылады. АДФ мөлшерінің жоғарғы болуы және 
АТФ мөлшері төмен болуы энергия қорының аз екендігін көрсетеді. 
Бұл кезде НАДН протондар мен электрондар тасмалдау тізбегінің 
реакцияларына 
қатысын, 
тотуғудан 
фосфорланудың 
қатысу 
реакцияларының артуын қамтамасыз етеді. 
АДФ мөлшері төмен болған жағдайда кері құбылыс байқалады. 
Электрондарды тасмалдау мүшелерінің жұмысын тежеу арқылы 
НАДН
2
тіндерден басқа тотықсыздану реакцияларына глутаматтың 
синтезіне немесе глюконеогенезге жұмсалады.
Метоболизмнің 
клеткаішілік 
реттеушілері 
– 
дәрумендер 
тағамдарның алмастырылмайтын құрам бөлігі бола тұра, клетканың 
тіршілігі үшін заттардың өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін 
агенттер болып табылады. [36]. 
Белок, липид және көмірсулардың өзара алмасу дәрежелерін 
сандық сипаттау үшін, ең алдымен амин қышқылдары, май қышқылы 
және глюкозаның өзара алмасуын қарастыру қажет. 
1. Глюкозаның амин қышқылынан синтезделуі (глюконеогенез) 
фосфоэнолпируват арқылы жүреді, (гликогенді амин қышқылы – 
аргинин, аспартат, аспарагин, цистеин, глутамат, глутамин, глицин, 
гистидин, метионин, пролин, серин, треонин, триптофан, валин), 
аштық, стресс, диабет кезінде глюконеогенез күшейеді. 
2. Май қышқылдарының амин қышқылдардан синтезделуі 
ацетил-КоА арқылы жүреді (кетогенді амин қышқылдары – лейцин, 
лизин, фенилаланин, тирозин), бұл кезде кетон денелерінің синтезі 
ацетоацетил-КоА арқылы жүруі мүмкін. 
3. Алмастырылатын амин қышқышқылының синтезі глюкозадан 
тотықсызданудан аминдеу және үш кетоқышқылдардың (пируват, 
оксалоацетат және 2-оксаглутарат) трансаминденуі арқылы жүреді. 
4. Май қышқылының синтезі глюкозадан (ацетил-КоА) және 
глицериннен глицеральдегид-3-фосфат арқылы жүреді, бұл энергия 
депосын түзу жолы болып табылады. 
5. Май қышқылы көмірсуларға өте аз айналады. 


251 
6. Май қышқылы іс жүзінде амин қышқылдарына айналмайды. 
Көмірсулар немесе белоктар, амин қышқылдарынан түзілген ацетил-
КоА негізінен бір бағытта липогенезге жұмсалады. Себебі, бұл 
қартаюдың және жасқа байланысты патологиялар (атеросклероз) 
дамуының негізгі себебі болып табылады.
Адам ағзасында осы екі көміртегі фрагменттерін (ацетил-КоА) 
глюконеогенезге немесе алмастырылатын амин қышқылдарның 
(аланин) түзілуіне қажетті үш көміртегі қосылыстарға айналдыру 
механизмі жоқ болғандықтан , май қышқылдарындағы көміртегі кері 
қарай глюкозаға немесе белокқа айналуы мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет