259
цАМФ-тың концентрациясы артады. Бұл гликогенолиз, липолиз,
протеолиздің белок биосинтезінен басым болуына және белоктың
протеолизі нәтижесінде, босап шыққан аминқышқылдардың үлесінен
глюконеогенездің қарқынды жүруіне әкеледі.
Глюкагон, биополимерлердің биосинтезіне қажетті глюкозаның,
басқада молекулалар мономерлерінің концентрациясы төмендеген
кезде, тамақтану аралығында есер етеді.
ц
АМФ концентрациясының
клеткаішінде жоғарылауы клетканың энергетикалық ресурстарының
жаппай жұмсалуын, ал
ц
АМФ мөлшерінің төмендеуі энергия көздері
ретінде жұмсалатын молекулалар депосын жинақтатады.
Соматотропин
жыныстық жетілу кезеңіне жеткенге дейін,
ағзаның өсуін қамтамасыз етеді. Өсіп жетілуді қамтамасыз етуге:
1. Сүйек
қаңқасы көлімінің ұлғаюы үшін, сүйектерде
шеміршектік өсу аймағының болуы;
2.Ішкі органдар мен коммуникациялар (жүйке талшықтары, қан
тамырлары ) қаңқаның өсуіне сәйкес өсуі ;
3. Организмнің өсуіне қажетті энергетикалық және пластикалық
қамтамасыз ету; Осының негізінде, теориялық тұрғыдан қарағанда,
соматотропин бір уақытта глюкагон мен инсулиннің қызметін бірдей
атқарады.. Шындығында, соматотропин екі түрлі әсерге ие:
1. Адинилатциклазды механизмінің активтенуімен байланысты
липоциттердегі майдың мобилизациялануына әкелетін тікелей әрекеті
Бұл ретте бауырда түзілетін май қышқылдары:
а). β - тотығу кезінде ацетил КоА мөлшерінің артуына әкеледі.
б). гликолизді тежеу арқылы, гликогеннің жылжымалы қорын
сақтап қалады. Ацетил-КоА катаболизмнің ортақ жолында АТФ-ің
түзілуін қамтамасыз етеді және әртүрлі биосинтездерге жұмсалады.
2. ІGF- 2., ІGF- 1 қаңқа ұлғаюы салдары ретінде, шеміршек
тіндерінің алмасуын қамтамасыз етеді. ІGF- 2 митогендік және
анаболикалық әсерлердің кешеніне ие. [34].
Организмдегі зат алмасу процестері туралы түсінік
қалыптастыру үшін заманауи әдістемелік тәсілдерді ескергнен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: