231
Нуклеин қышқылдарының зат алмасу процесінде атқаратын
рөлін ескерсек, олардың ағзада синтезделуі үлкен қызығушылық
танытады. Бұл процестің жүруіне фосфор қышқылы, пентозалар,
пуриндік және пиримидиндік негіздер қажет болады.
Фосфор қышқылы тіндерде жеткілікті мөлшерде кездеседі,
пентозалар пентозды циклде түзіледі, ал пуриндік және
пиримидиндік негіздер амин қышқылдарынан синтезделеді.
Пуриндік негіздердің биосинтезі.
Пуриндік нуклеотидтердің синтезіне қажетті негізгі аралық
өнім
инозин қышқылы
болып табылады. Инозин қышқылынан
аденил және гуанил қышқылдары синтезделеді .
Глицин, глутамин және аспарагин аминқышқылдары
пуриндерді азот атомымен қамтамасыз етеді. Синтез рибоза-5-
фосфатты фосфорилденуден басталады. АТФ үлесінен рибоза-5-
фосфат фосфорланғанда, 5-фосфорибозил-1-пирофосфат түзіледі.
(1-реакция). Түзілген қосылыс глутамин амидінің үлесінен
аминденеді (2-реакция), пирофосфат бөлініп шығады, соңғысы- 5-
фосфорибозиламин бірқатар аралық өнімдерден өтіп, инозин
қышқылына айналады. Бұл процесте 5-фосфорибозиламинге глицин
(3-реакция)
, формил (4-реакция) , глутаминнің қосылуы
нәтижесінде бес бұрышты
Достарыңызбен бөлісу: