Өт – бауыр жасушаларынан бөлінетін сарғыш-қоңыр түсті сұйықтық, ішек пен асқазанның моторикасын қоздырғыш, ас қорыту процесін ынталдандыратын зат.
Өттің түзілуі
Күніне 0,9-1,5 л өт бөлінеді. Өт бауырда гепатоциттерде түзіліп, өт капилляры бойымен өт қабына барып жиналады. Өт қабы- сыртқы пішіні алмұрттәрізді, бауырдың өт қабы шұңқырында орналасқан. Асты қабылдаған соң өт өт қабынан өт түтігімен сосын, жалпы өт түтігі бойымен ағып, ұйқыбез басының тұсында ұйқыбез тітігімен қосылып, он екі елі ішектің үлкен бүртігіне ашылады.
ӨТТІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Организмдегі өт, бауыр өті және қапшық өті болып бөлінеді. Өт қапшығы өтінің құрамындағы негізгі заттардың (өт қышқылы тұздары, пигменттер,
холестерин, майлы қышқылдар, аниондар, катиондар) тығызд. бауыр өтімен салыстырғанда 5 – 10 есе жоғары болады.