Жүйке тініндегі липид алмасу Мидың липидтік құрамының бірегейлігі олардағы жалпы
липидтер концентрациясының жоғары болуымен ғана емес, сонымен
қатар жеке фракцияларының құрамы бойынша да ерекшеленуінде.
Ми липидтерінің барлығы дерлік үш негізгі фракциялардан тұрады:
глицерофосфолипидтер, сфинголипидтер, және холестерол. Олар
әрдайым эстерифицирленбеген бос күйінде кездеседі, бұл басқа
көптеген тіндерге тән қасиет болып табылады.
Жүйке тініндегі липидтер негізінен құрылымдық қызмет
атқарады. Олар глюкоза алмасуы өнімдерінен синтезделуі мүмкін
Физиологиялық жағдайда ми тініндегі липидтер өте тұрақты,
метаболизмнің кейбір айқын өзгерістерінде ғана жүйке тіндерінде
демиелинизация байқалуы мүмкін.
Ми тіні митохондриясында
-тотығу процесін катализдейтін
ферменттері болмайды, яғни стероидтар мен ацетилхолиннің
синтезіне, ҮКҚЦ-на қажетті ацетил КоА тек глюкозадан өндіріледі.
Жүйке тіндеріндегі липидтер алмасуының ерекшеліктері: - мидың май қышқылдарын синтездеу қабілеті жоғары;
- мида іс жүзінде май қышқылдарының β-тотығуы жүрмейді;
- бас миындағы липогенездің жылдамдығы постнатальды кезеңнің
әртүрлі уақыттарында бірдей емес;
- жетілген мидағы липидтер құрамының тұрақтылығы олардың
жалпы жаңару жылдамдығының төмен екендігін растайды;
- фосфатидилхолин мен фосфатидилинозитол ми тіндерінде тез
жаңартылады;
- мидағы холестерол синтезінің жылдамдығы оның қалыптасу
кезеңінде жоғары. Жасы ұлғайған сайын бұл процестің белсенділігі
төмендейді;
- миелиндену кезеңінде цереброзидтер мен сульфатидтердің синтезі
белсенді түрде жүреді.
Жетілген мидағы барлық цереброзидтердің 90%-ың миелин қабығы
болады, ал ганглиозидтер нейрондардың кәдімгі компоненттері
болып табылады.