91
Қорытынды
Гетеротрофты организмдер басқа метаболиттерден: кейбір
аминқышқылдары,
глицерин, сүт қышқылы т.б. глюкоза және
гликоген синтездей алады.
Гетеротрофты
организмдерде,
метаболизмнің
аралық
өнімдерінен көмірсулардың синтезделуі- алмасудың орталық жолы
болып
табылады,
ал
тіндерде
гликолиз
ферменттерінің
катализдеуімен, глюкозаның пирожүзім қышқылына айналуы,
көмірсулар алмасуының - ортақ жолы ретінде, көптеген клеткаларда
анаэробты және аэробты жағдайларда жүре алады.
Осыған
кері
бағытта
жүретін
процесс-
пирожүзім
қышқылының глюкозаға айналуы - моно- полисахаридтер
биосинтезінің өте маңызды ортақ жолы болып есептеледі.
Көмірсулар (КС) көптеген метаболизм процестеріне қатысады.
1-ші кезекте көмірсулар энегия мен
қамтамасыз етушілер-энергия
жеткізушілер болып табылады. Күнделікті тамақтану рационы
массасының 75%-ын КС құрайды және тәуліктік қажетті
каллорияның 50% қамтамасыз етеді.
Көміңрсулар ГАГ-тар түрінде, клеткааралық матрикс
құрамына
кіреді.
Көптеген
ферменттер,
тасымалдаушы,
рецепторлық,
реттеушілік, қорғаныштық қызмет атқаратын
белоктардың құрамындағы көмірсу олардың ерекшегіктерін
анықтайды. Көмірсулардан көптеген органикалық қосылыстар
түзіледі,
олар:
липидтер,
кейбір
аминқышқылдары,
нуклеотидтердің синтезіне субстраттар ретінде пайдаланылады.
Көмірсулар туындылары - глюкуронидтер ксенобиотиктерді
детоксикациялауға, кейбір эндогенді
заттарды инактивациялауға
қатысады. Көмірсуларды тағамдық заттардың алмастырылмайтын
компоненттері деп есептеуге болмайды, себебі көмірсуларды тағам
құрамынан шегеріп тастағанда, оның салдары гипогликемияға әкелуі
мүмкін. Мұндай жағдайда жетіспей тұрған көмірсулардың орнын
толтыру үшін, белоктар мен липидтер жұмсалады.
Осылайша, көмірсулар тағам құрамында міндетті түрде болуға
тиісті
компоненттер
қатарына
жатады,
өйткені
негізгі
энергетикалық
қызметтеріне қоса, көмірсулар клетканың көптеген
метаболикалық процестеріне қатысады.