94
Липидтер дене массасының 10-12%-ын құрайды. Ересек
адамның денесінде 10-12 кг липидтер болады, олардың 2-3 кг
құрылымдық липидтер, ал қалған 9-10 кг қор ретіндегі липидтерден
тұрады. Қор ретіндегі липидтердің 98% май тіндерінде жиналады .
Адам тіндерінде липидтердің орналасуы біркелкі емес. Май
тіндерінде олар құрғақ массаның 75%-ын құрайды.
Адам бауырындағы липидтердің құрамы 4,5-6,0%-ға жуық
болады. Бауыр құрамындағы жалпы фракциялар: триглицеридтер
30-40%; фосфолипидтер 55-56%;
холестерин және тағы басқа
фракциялар 5-10% құрайды.
Жүйке тіндеріндегі липидтер 50%-ға тең, олардың негізгі бөлігі
фосфолипидтерден тұрады.
Сфинголипидтер (30%), холестерол (10%), ганглиозидтер және
цереброзидтер (7%). Бауырда липидтердің жалпы мөлшері қалыпты
жағдайда 10-14%. Адам организміндегі май қышқылдары (көміртегі
атомдары жұп, көбінесе 16-20) негізінен қаныққан болады.
Пальмитин қышқылы 30-35% қанықпаған май қышқылдары
моноен және полиен түрінде болады. Қанықпаған май
қышқылдарының қос байланыстары адам ағзасында цис-
конфигурацияда кездеседі, олар мөлшері
жағынан қаныққандарға
қарағанда көп болады. [18].
Ересек адамға тәулігіне 70-145 гр липид түсуі қажет.
Липидтердің қажеттілігі адамның қызметіне, жынысына, жасына
және ауа-райы жағдайына байланысты болады. Липидтер ағзаға
керекті калорияның 30%-ын қамтамасыз етуі қажет.
Липидтер организмнің өзінде бар және тағам арқылы түсіп
отырады. Адам ағзасында липидтер –
өсмдіктер мен жануарлар
майлары, жұмыртқа, бауыр, ми, бұлшықет т.б қоректік өнімдердің
құрамында түседі.
Достарыңызбен бөлісу: