Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


 Липидтердің қорытылуы және сіңірілуі



Pdf көрінісі
бет86/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

3.2. Липидтердің қорытылуы және сіңірілуі
 
Липидтердің қорытылуы.
Асқазан-ішек 
жолдарында 
липидтердің 
қорытылуы 
эстеразаның қатысуымен гидролитикалық жолмен жүреді
Эстераза өкілдері: липаза (глицерин эфирінің гидролазасы); 
холестеролэстераза 
(стеролдық 
эфирлердің 
гидролазасы); 
фосфолипаза А (фосфалипидтің ацилгидролазасы); холинэстераза 
(ацилхолинның 
ацилгидролазасы); 
ацетилхолинэстераза 
(ацетилхолинның ацетил гидролазасы). [33]. 
Липидтердің қорытылуы, әсіресе ішекте липаза және оның
спецификалық активаторы - өт қышқылдарының қатысуымен өтеді. 
Радиоактивті индикациялау әдістерін пайдалану арқылы 
қазіргі уақытта липидтердің қорытылу механизмі жеткілікті , егжей-
тегжейлі зерттелген. Трицилглицеридттердің α-орындағы эфирлік 
байланыс β-орындағы карбоксил тобына қатысты эфирлік 


106 
байланысқа қарағанда липазалар әсеріне тұрақтылығы төмен 
болады. Май қышқылдарының бөлініп шығуы алдымен α-орында, 
сонан соң β-орында өтеді. Ішектің шырышты қабатында липидтердің 
қорытылу процесінде екі май қышқылы бөлініп шығады және 
моноглицеридтер түзіледі.
Ішекте липидтердің қорытылуы кезінде түзілген жалпы 
фракцияларының 55% моноглицеридтерден , ал кеуделік ағымдағы 
липидтердің 90%-ы триглицеридтерден тұрады, моноглицеридтердің 
триглицеридтерге айналуы ішек қабырғасында өтеді. әрі қарай
HS-KoA, АТФ және магний ионының қатысуымен моноглицеридтер 
триглицеридтерге этерификацияланады, 
Моноглицерид + Ацил-S-КоА → Диглицерид + HS-КоА 
Диглицерид + Ацил-S-КоА → Триглицерид + HS-КоА 
Ішек қабырғасында моноглицеридтердің триглицеридтерге 
этерификациялануының физиологиялық мәні бар, себебі бұл кезде 
липидтің көп бөлігі МАГ-ға дейін гидролизденеді.
Зерттеулер көрсеткендей тағаммен түскен липидтердің тек 
30%-ы ғана гидролизденеді екен. Заманауи зерттеулер нәтижесі 
бойынша, қалыпты жағдайда алдын-ала қорытылмаған липидтердің 
55-75% сіңірлетіндігі дәлелденген. 
Асқазанда тағаммен түскен липидтердің эмульгирленген 
азырақ бөлігі сіңіріледі, ал липидтердің қорытылмаған негізгі 
массасы аш ішекте сіңіріледі. 5мк-нан кішірек майлы бөлшектер 
ішектің эпителий қабаты арқылы лимфаға түседі.
Липидтер сіңірілуінің қарқындылығы олардың эмульгирлену 
дәрежесімен анықталады. Олардың ыдырау , эмульгирлену және 
сіңірілу процестері бір-бірімен байланысты. 
Ас ішкеннен кейін 5-6 сағат өткенде липидтердің басым бөлігі 
ішек қабырғасынан лимфа жүйесіне, біразы қанға , бауырға және 
басқа органдарға өтеді де, түскен жерлерінде әр түрлі өзгерістерге 
ұшырайды. [18]. 
Сонымен, аш ішек саңылауында негізінен, ұйқы безі 
липазасының әсерінен липидтер МАГ-ға дейін гидролизденеді. Ішек 
сөлі липазасының маңызы оншалықты көп емес. 
Ауыз қуысында липидтерге әсер ететін ферменттер жоқ болған 
соң, олар тек қана механикалық өңдеуден өтеді. Асқазандағы липаза 
активті емес, себебі асқазан сөлінің рН 1,5-2,0-ге тең, ал липазаның 


107 
оптимум рН-ы 4-5-ке тең. Асқазан сөлінің липазасы эмульгирленген 
майларға әсер етеді. Нәрестеде асқазан сөлінің рН- ортасы 
липазаның рН оптимумына сәйкес келеді. 
Ересек адамдарда липидтердің гидролизденуі аш ішекте ұйқы 
безі сөлі липазасының әсерінен өтеді, бұл фермент активсіз күйде 
түзіледі, олардың активтенуі үшін өт қышқылдарының тұздары 
қажет, себебі өт қышқылдары тұздары липазалардың спецификалық 
активаторы болып табылады. Активтенген липаза ТАГ-ті біртіндеп 
глицериннің көміртегіне қосылған БМҚ-ын бөліп шығарады. 
Ішек сөлінің липазасы активті түрінде түзіледі, ол МАГ-ды 
БМҚ мен глицеринге ыдыратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет