112
Азоттық негіздер ЦДФ-холин сияқты комплекстер түзіп,
фосфор қышқылының тұздары түрінде сіңіріледі.
Мицелланың гидрофобты ядросы
-
БМҚ, МАГ, ХСН-нен
құралған. Гидрофобты – холестерол (ХЛ), ұзын тізбекті май
қышқылдары, ДАГ, МАГ) мицелла құрамында сіңіріледі. БМҚ
көмірсутек тізбектері 10-нан көп болса, МАГ, ХС, ФЛ, өт
қышқылдары сулы ортада тұрақты мицелла түзеді, оның диаметрі
0,005 мкм. Мицелла эмульгирленген майлардан 100 есе кіші болады.
Суда ерімейтін МҚ, МАГ, ХСН қосылыстар мицелланың ішкі
қабатында, ал екі жақты ерігіштік қасиеттері бар, өт
қышқылдарымен ФЛ-тер сыртқы қабатында орналасады. Бұл
қосылыстардың майда еритін бөліктері ішкі жаққа, ал суда еритін
бөліктері сыртқа қарайды. Өт қышқылдары мен ФЛ-ден тұратын
гидрофильді қабатпен қоршалған.
Липидтердің сіңірілуі аш ішектің проксимальды бөлігінде
жүреді. Тағам липидтерінің 3-10% гидролизденбеген ТАГ түрінде
сіңіріледі. Ішек қуысындағы ХСН экзогенді ғана емес, онда өт
құрамына түсетін эндогенді ХСН-де болады.
ХСН-нің ішекте сіңірілуі шектелген, (шамамен 30%),
сіңірілмеген ХСН фекалии арқылы шығарылады.
Мицеллалар ішек қабырғасында сіңгеннен кейін құрамдас
бөлшектерге
ыдырайды.
Олар
ыдырағаннан
кейін,
өт
қышқылдарының кейбіреулері мицелла өткен жолмен тікелей
қайтадан ішекке барып түсуі мүмкін, қалған өт қышқылдары қан
ағымы арқылы бауырға барып, қайтадан өт жолымен ішекке келеді.
Бұл
Достарыңызбен бөлісу: